Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2024 ж.

    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4103 болып тiркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 2-қосымшасы келесі мазмұндағы 8, 9 – қатарлармен толықтырылсын:

    «

    8
    8
    Құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, жолдарды салу және орналастыру
    1 шаршы метр
    1 жыл
    159
    9
    9
    Қонақ үйлер, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер немесе оларды орналастыратын орындар беру
    1 гектар
    1 ай
    6318
    ».
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Түркістан облысының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.