«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициенттерінің 2024 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қазан 2023 ж.

    «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициенттерінің 2024 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы

    «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 18-2) тармақшасына және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициенттерінің 2024 жылға арналған мынадай мөлшерлері бекітілсін:

    р/с
    Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы
    Көлік құралы тіркелген аумақ бойынша түзету коэффициентінің мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін)
    1
    2
    3
    1.
    Алматы облысы
    (Жетісу облысы)
    1,06
    2.
    Түркістан облысы
    1,08
    3.
    Шығыс Қазақстан облысы
    (Абай облысы)
    0,82
    4.
    Қостанай облысы
    0,95
    5.
    Қарағанды облысы
    (Ұлытау облысы)
    1
    6.
    Солтүстік Қазақстан облысы
    0,8
    7.
    Ақмола облысы
    0,92
    8.
    Павлодар облысы
    0,88
    9.
    Жамбыл облысы
    1,16
    10.
    Ақтөбе облысы
    0,88
    11.
    Батыс Қазақстан облысы
    0,96
    12.
    Қызылорда облысы
    1,11
    13.
    Атырау облысы
    0,71
    14.
    Маңғыстау облысы
    0,88
    15.
    Алматы
    0,82
    16.
    Астана
    1,05
    17.
    Шымкент
    1,09
    2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
    2) осы қаулыны «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберуді қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрайымы

    М. Әбілқасымова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.