«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «103) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысын үйлестіру;»;

    108) тармақша алып тасталсын;

    115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «115) салалық уәкілетті органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;»;

    134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «134) мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 153-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «153-1) тексерілетін субъектіні тілдерді дамыту саласындағы мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу өлшемшартын әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 177-24), 177-25), 177-26) және 177-27) тармақшалармен толықтырылсын:

    «177-24) ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    177-25) білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын келісу;

    177-26) іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілетін салаларды айқындау;

    177-27) жетекші ғалымдардың ғылыми еңбектерді дайындау және жариялау үшін халықаралық рецензияланатын баспаларды (журналдарды) айқындау;».

    2. Осы қаулы:

    1) 2024 жылғы 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының оныншы абзацын;

    2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші және сегізінші абзацтарын;

    3) 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он екінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.