Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 24 мамыр 2024 ж.
Нұра ауданы Тассуат ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 21 мамырдағы № 02-16-295 Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының м.а. ұсынысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұра ауданы Тассуат ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тассуат ауылының әкімі
А. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.