«Кемеге атау беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 53-I бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кемеге атау беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 53-I бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3463 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.