Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы №15-14с «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы №15-14с «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7685-15 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.».
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы
С. Саниев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.