Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    ҚолданыстағыЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Талғар аудандық мәслихатының және Талғар ауданы әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Талғар қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 853,1245 гектар Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің кейбір жерлерін қоса отырып, жалпы көлемі 3268,7500 гектар шекарасында өзгертілсін.

    2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы облысының әкімі

    М. Султангазиев

    К. Байгоджаев

    Алматы облысының әкімдігі 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 161 мен Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 20-98 қаулысына қосымша

    Талғар қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің жерлері бір бөлігінің экспликациясы

    № п/п
    Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
    Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар)
    оның ішін­де:
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер (гек­тар)
    ел­ді ме­кен­дер жер­ле­рі (гек­тар)
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мұқ­тажды­ғы­на және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­ты­на ар­нал­ма­ған жер­лер (гек­тар)
    ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың жер­ле­рі, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер (гек­тар)
    ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    су қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    босал­қы жер­лер (гек­тар)
    1
    Кең­да­ла ауыл­дық окру­гі
    325,8908
    232,6746
    73,1445
    19,5885
    -
    -
    -
    0,4832
    2
    Ала­тау ауыл­дық окру­гі
    527,2337
    478,8903
    24,3993
    0,2874
    -
    -
    1,7624
    21,8943
    3
    Бар­лы­ғы
    853,1245
    711,5649
    97,5438
    19,8759
    -
    -
    1,7624
    22,3775

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.