Босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 мамыр 2024 ж.

    Босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереженің 15-тармағының 92) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    2024 жылғы 22 мамырдағы

    № 157 Бұйрыққа

    қосымша/

    Босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар

    1. Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

    2. Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) (№ 1 сурет) тұрады.

    3. Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады.

    4. Босқын куәлігінің мұқабасы көк түсті.

    Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:

    жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

    «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

    REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу;

    ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

    төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

    «БОСҚЫН КУӘЛІГІ

    REFUGEE CERTIFICATE» деген жазу орналасқан.

    Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

    5. Босқын куәлігінің 1-беті иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады (№ 2 сурет):

    «Босқын куәлігі

    Refugee certificate

    Тегі

    Surname __________________________________________

    Аты/Name ________________________________________

    Әкесінің аты (бар болса)

    Middle name (if available)____________________________

    Туған күні, айы, жылы және туған жері/

    Date and place of birth ______________________________

    __________________________________________________

    ЖСН/IIN_________________________________________

    Азаматтығы/Citizenship _____________________________

    Босқын деп танылғаны және Қазақстан Республикасының қорғауында болатыны куәландырылады/Certifies that he (she) is recognized as a refugee and is under the protection of the Republic of Kazakhstan.

    Комиссияның 20___ж. «__» _____________№____шешімі

    The decision of the commission from «___» ______20___ №.______

    Куәлік ________________ бастап ___________ дейін жарамды

    The certificate is valid: with_____________ by _______________

    Берген орган

    Issuing authority ________________________________________

    Куәліктің берілген күні

    Date of issue of the certificate ______________________________

    Босқынның қолы

    Signature of the refugee ___________________________________

    Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы

    Head of the local Employment authority

    _______________________________________________________

    (облыс, қала атауы/ name of the region, city)

    __________________________________________ қолы/signature

    М.О./Р.Р.».

    Босқын куәлігінің 1-бетінің жоғарғы бөлігінде «Босқын куәлігі Refugee certificate» деген жазудың астында сол жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

    «Сурет орны/Place for photos» деп жазылған рама орналасады.

    Рамаға босқын куәлігі иесінің көлемі 30х40 мм фотосуреті жапсырылады.

    Босқын куәлігінің 1-бетінің төменгі бөлігінде екі әріптік және сегіз цифрлық нышаннан тұратын босқын куәлігінің нөмірі орналасқан.

    6. Босқын куәлігінің 2-6-беттерінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасқан (№ 3 сурет):

    Куәлік _______________ бастап ________________ дейін ұзартылды

    The certificate has been extended: from ______________ by__________

    Комиссияның 20___ж. «__» _____________№____шешімі

    The decision of the commission from «___»______20___ №._________

    Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы

    Head of the local Employment authority

    _________________________________________________________

    (облыс, қала атауы/name of the region, city)

    ___________________________________________қолы/signature М.О./Р.Р.».

    7. Босқын куәлігінің 7 және 8-беттерінде қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері көрсетілетін кесте орналасқан ( № 4, 5 суреттер):

    «Он сегiз жасқа толмаған отбасы мүшелерi

    Family members under the age of eighteen»

    Тегі
    Surname
    Аты
    Name
    Әкесінің аты (бар болса) Middle name (if available)
    Туыстық қатынасы Relation degree
    Туған күні, айы, жылы және туған жері Date and place of birth
    Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы
    Head of the local Employment authority
    _________________________________________________________
    (облыс, қала атауы/name of the region, city)
    __________________________________________қолы/signature
    М.О. / Р.Р.».
    8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілерді енгізуге арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 5 сурет):
    «Ерекше белгілер
    Special marks» деген жазу орналасқан.
    9. Босқын куәлігі беттерінің нөмірлері жоғары бұрыштарында орналасқан.
    № 1 сурет. Мұқаба
    № 2 сурет. Алдыңғы форзац
    № 3 сурет. 2-5-беттер
    № 4 сурет. 6-7-беттер
    № 5 сурет. 8-11-беттер.
    _________________________________________________________________________
    10. Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады.
    11. Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.
    12. Босқын куәлігінің беттері «KAZ» ою-өрнегі» элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.