Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2024 жылғы 22 мамырдағы №15-4-1/263 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі, Ақжол ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі

    К.Тусупов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.