«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 мамыр 2024 ж.

    «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7553 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) Жалағаш кенті, Т.Қыстаубаев көшесі бойындағы аумақ (І.Қабылов және С.Қалыбаев көшелерінің аралығы), шекті толу нормасы – 50 адам;»;

    1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

    2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Жалағаш кенті бойынша бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін жүру бағыты:

    С.Қалыбаев көшесінің бойымен Т.Қыстаубаев көшесі қиылысынан бастап Б.Сопбеков көшесі қиылысына дейін (шекті толу нормасы – 50 адам).

    Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.»;

    3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;

    18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «18. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

    1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

    2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

    3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

    4) магистральдық теміржол желілеріне, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы

    У. Елеусинов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.