Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі
А. Байханов
Павлодар облысы
әкімдігінің 2024 жылғы
22 мамырдағы № 112/2
Қаулысына қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы «Павлодар облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» № 129/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7344 болып тіркелген).
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қазандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы «Павлодар облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» № 129/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 242/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186750 болып тіркелген).
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 72/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4431 болып тіркелген).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.