Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаcының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 мамыр 2024 ж.

    Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаcының мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері күнтізбелік тоқсан күн мерзіміне бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    C. Шәпкенов

    Атырау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «14» мамырдағы

    № 120 қаулысына

    қосымша

    Атырау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «14» мамырдағы

    № 120 қаулысымен

    бекітілген

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері

    № п/п
    Тауардың атауы
    Өлшем бірлігі
    Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері
    1
    Бірінші сортты бидай ұны
    1 (бір) килограмм
    288
    2
    Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
    1 (бір) килограмм
    279
    3
    Рожки (өлшеніп салынатын)
    1 (бір) килограмм
    543
    4
    Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
    1 (бір) килограмм
    558
    5
    Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
    1 (бір) килограмм
    771
    6
    Картоп
    1 (бір) килограмм
    212
    7
    Асханалық сәбіз
    1 (бір) килограмм
    229
    8
    Басты пияз
    1 (бір) килограмм
    168
    9
    Ақ қауданды қырыққабат
    1 (бір) килограмм
    240
    10
    Ақ қант - құмшекер
    1 (бір) килограмм
    584
    11
    Күнбағыс майы
    1 (бір)
    литр
    883
    12
    Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
    1 (бір) килограмм
    3085
    13
    Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
    1 (бір) килограмм
    1546
    14
    Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
    1 (бір) килограмм
    5141
    15
    Тауық жұмыртқасы (I санатты)
    ондық
    705
    16
    Ас тұзы («Экстра» - дан басқа)
    1 (бір) килограмм
    104
    17
    Сүзбе: майлылығы 5 – 9%
    1 (бір) килограмм
    1948

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.