«Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 246 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5587 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Занының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді».».
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Г. Нурмухамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.