«Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 мамыр 2024 ж.

    «Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 «Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32861 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен белгіленген Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарда:

    мынандай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

    «9. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында сатуға (өткізуге) арналған сынамасы 800 және одан жоғары күмістен жасалған зергерлік бұйымдар мен басқа да бұйымдар, егер мұндай бұйымдарда атаулы таңбасы болса.».

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    К. Шарлапаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлтық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.