«Qaztrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, қоса беріліп отырған алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру Қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының көмегімен (келісім бойынша) 2024 жылғы 10 мамырдан бастап 2025 жылғы 30 сәуірді қоса алғанда аралығындағы кезеңде пилоттық жобаны жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Министр
М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы «13» мамырдағы
№ 288 бұйрығымен
бекітілген
«QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және «QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асыру тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында 2024 жылғы 10 мамырдан бастап 2025 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін іске асырылады.
3. Пилоттық жобаға қатысу ерікті болып табылады.
4. Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) алкоголь өнімін өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сатушылар;
2) мемлекеттік кірістер органы.
3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Банкнот фабрикасы).
4. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) API (Application Programming Interface) қосымшаларын бағдарламалау интерфейсі (бұдан әрі – АРI-сервис) - ақпараттық жүйелердің, оның ішінде алкоголь өнімін өндірушінің «техникалық көру» жабдығының «QazTrack» ақпараттық сервиспен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін қажетті хаттамалар мен анықтамалар жиынтығы болып табылатын бағдарламалық интерфейс;
2) «QazTrack» ақпараттық сервисі (бұдан әрі – Сервис) - алкоголь өнімін таңбалау және оны өндіру, орын ауыстыру, сақтау және өткізу кезеңдерінде сәйкестендіру және қадағалау мақсатында алкоголь өнімімен жасалатын барлық операцияларды есепке алу үшін пайдаланылатын тіркеу ақпараттық жүйесінің модулі;
3) QR-код - интернет-сілтемені оқуға және мемлекетке тиесілі, алкоголь өнімін сәйкестендіру мақсатында таңбалау үшін пайдаланылатын бірегей цифрлық кодты оқуға арналған оптикалық белгі, ол ЕБМ салынады және тұтыну ыдысының қақпағының жоғарғы жағына орналастырылады;
4) Банкнот фабрикасының кабинеті – Сервистегі Банкнот фабрикасы арнайы жеке кабинеті;
5) бұйрық - пилоттық жобаға қатысушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сервисте қалыптастыратын және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоятын электрондық құжат;
6) есептік жазба - алкоголь өнімімен операцияларды тіркеуге арналған «QazTrack» ақпараттық сервисіндегі пилоттық жобаға қатысушының деректері;
7) есептік-бақылау маркасы (бұдан әрі - ЕБМ) - оның айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және бақылауды жүзеге асыру мақсатында алкоголь өнімін (құйылған шараптан (шарап материалынан), сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты алып жүретін, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы біржолғы жапсырма;
8) клиент - Сервис қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті тұлға;
9) Клиенттің кабинеті - клиенттің Сервистегі арнайы жеке кабинеті;
10) қарсы бұйрық - келіп түскен бұйрықтың негізінде қалыптастырылатын, пилоттық жобаға қатысушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сервисте қалыптастыратын және ЭЦҚ-мен қол қойылатын электрондық құжат;
11) Мемлекеттік кірістер органдарының кабинеті - Сервистегі мемлекеттік кірістер органдарының арнайы жеке кабинеті;
12) «техникалық көру» жабдығы - алкоголь өнімін өндірушінің өндіріс желісіне орнатылатын, алкоголь өнімін оның бейнесі бойынша анықтауды, автоматты бақылауды және талдауды, цифрлық құрылғылардың көмегімен деректерді түрлендіруді, өңдеуді және түсіндіруді қамтамасыз ететін техникалық және бағдарламалық құралдар жиынтығы;
13) тіркеу ақпараттық жүйесі – «QazTrack» ақпараттық сервисі орналастырылған «АЕО» АҚ ақпараттық жүйесі;
14) тіркеуші – «QazTrack» ақпараттық сервисінің жұмыс істеуін және сүйемелдеуін, сондай-ақ оған пилоттық жобаға қатысушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АЕО» АҚ).
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұғымдарға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі
5. Нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтыну ыдысына құйылған алкоголь өнімі ЕБМ таңбалауға жатады.
6. ЕБМ тұтыну ыдысын ашу кезінде оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында ЕБМ тұтастығы бұзылатындай етіп тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен желімделеді.
ЕБМ тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын сәйкес құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.
7. Алкоголь өнімін өндірушілер өндіріс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған дайын өнімге ЕБМ жапсырады.
8. Борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде конкурстық және оңалтуды басқарушылар ЕБМ алкоголь өнімін оларды сақтау мекенжайы бойынша таңбалайды.
9. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын ЕБМ алкоголь өнімін таңбалау осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жүзеге асырылады.
10. Салық кодексінің 172 бабының 4 тармағына сәйкес ЕБМ алкоголь өнімі таңбалануға жатпайды:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспортталатын;
2) бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыруға арналған бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан жарнамалық және (немесе) демонстрациялық мақсаттарда жеке даналарда уақытша әкелінетін;
4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде ЕАЭО кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін;
5) жиырма бір жасқа толған жеке тұлға алкоголь өнімінің үш литрінен аспайтын шектерде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жіберілетін).
3-тарау. Өндірушілерге/импорттаушыларға ЕБМ беру тәртібі
11. ЕБМ алу үшін өндірушілер/импорттаушылар Банкнот фабрикасына және Мемлекеттік кірістер органына ЕБМ алуға өтініш Сервисте өтініш қалыптастырады:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өніміне (құйылатын шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне (құйылатын шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда).
12. ЕБМ алуға өтініш берген кезде өндіруші/импорттаушы қосымша Сервиске бекітеді:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде ЕБМ нысаналы пайдалану туралы міндеттеме;
міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлік кепілі шарты).
13. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өнімін таңбалау үшін өндірушілерге ЕБМ беруді мемлекеттік кіріс органы ЕБМ алуға өтінішті келісілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін импорттаушыларға ЕБМ беруді мемлекеттік кіріс органы ЕБМ алуға Сервистегі өтінішті келісілген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне ЕБМ берудің міндетті шарты салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы болып табылады.
14. Мемлекеттік кірістер органы ЕБМ алуға ұсынылған өтініштерді келіседі немесе оларды сервис арқылы келісуден бас тартады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өніміне – өтінім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне – өтінім келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
15. Мемлекеттік кірістер органы ЕБМ алуға ұсынылған өтініштерді келісуден келесіде бас тартады:
осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ЕБМ алуға өтініштерге ұсынбау;
өндіруші/импорттаушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігін анықтау, өндірушінің/ импорттаушының акциздерді төлемеуі не салыстыру нәтижелері бойынша төлем құжаттарында көрсетілген өндіруші/импорттаушы төлеген сомалардың мемлекеттік кіріс органдарында бар деректермен сәйкессіздігін анықтау;
Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарлама жіберілген салық есептілігінде бұзушылықтар, сондай-ақ Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5), 7), 12) және 13) тармақшаларында көзделген орындалмаған хабарламалар анықталған кезде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің сомасын толық төлемеу.
16. Алкоголь өніміне ЕБМ өндірушіге/импорттаушыға берген кезде Банкнот фабрикасы Сервис арқылы электрондық түрде жүкқұжат ресімдейді.
Жүкқұжатта келесі деректер көрсетіледі:
жүкқұжаттың нөмірі және ресімделген күні;
ЕБМ берілген күні;
ЕБМ алуға өтініштің нөмірі және берілген күні;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН немесе БСН);
алкоголь өнімінің атауы, түрі және сыйымдылығы;
сериялар, сандар диапазоны және ЕБМ саны.
Банкнот фабрикасы ЕБМ үшін төлем болмаған кезде ЕБМ беруден бас тартады.
17. Өндірушілерге/импорттаушыларға ЕБМ беру ЕБМ алуға өтініште көрсетілген санға сәйкес жүргізіледі.
18. Рұқсат етілмейді:
бір өндіруші/ импорттаушы басқа өндірушіге/импорттаушыға алған ЕБМ беру;
импорттаушының бір сыртқы сауда шартын (келісімшартын) орындау үшін алынған алкоголь өнімін таңбалау үшін, импорттаушының басқа сыртқы сауда шартын (келісімшартын) орындау үшін ЕБМ пайдалану.
4-тарау. Алкоголь өнімін қадағалау тәртібі
19. Алкоголь өнімін өндірушінің құю желісінде өндірушінің «техникалық көру» жабдығын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің «Берілген» мәртебесіндегі QR-кодты оқу және оны белсендіру үшін деректерді Сервиске (API-сервисті пайдалана отырып) беру жүзеге асырылады.
Алкоголь өнімі бірлігінің QR-коды бойынша ақпарат Сервиске беріледі және QR-кодтың өзін сканерлеу кезінде қолжетімді болады. Алкоголь өнімі «Өндірілген» мәртебесін алады, ал QR-кодтың мәртебесі «Белсендірілген» болып өзгертіледі.
20. Импортталатын алкоголь өнімі бойынша QR-код осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алкоголь өніміне (құйылатын шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) ЕБМ желімдеу туралы есеп сервисі арқылы қалыптастырылғаннан кейін іске қосылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін импорттаушы алынған ЕБМ алкоголь өніміне жапсырады және Сервис арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне (құйылатын шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) ЕБМ жапсыру туралы есепті қалыптастырады және QR-код іске қосылады.
21. Сатып алу-сатуға байланысты және өзге де негіздер бойынша алкоголь өнімін сатуды тіркеу Клиенттің кабинетінде келесі тәртіпте жүргізіледі:
1) клиент – сатушы бұйрықта клиент-сатып алушының ЖСН/БСН, көлемі мен бағасын көрсете отырып, алкоголь өнімін сатуға бұйрықты тіркейді.
Бұйрық сақталғаннан және клиент-сатушының ЭЦҚ қол қойылғаннан кейін Сервистегі бұйрықтың мәртебесі «Қол қоюда» болып өзгертіледі және Клиент-сатып алушының кабинетінде қолжетімді болады.
Клиент-сатушы клиент-сатып алушының ЭЦҚ бұйрыққа қол қойылғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға жол береді;
2) «Қол қоюда» мәртебесі бар бұйрық бойынша клиент-сатып алушының ЭЦҚ пайдалана отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады.
Бұл ретте Сервистегі бұйрықтың мәртебесі «Қол қойылған» болып өзгертіледі, ал Сервисте алкоголь өнімі Клиенттің кабинетінде көрсетіледі:
«Берілген» клиент-сатушы;
«Белсенді» клиент-сатып алушы.
Егер бұйрық сақталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін клиентің ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылмаса, онда Сервистегі бұйрықтың мәртебесі «Жойылды» болып өзгертіледі.
22. Белсендірілген QR-кодты өтеу алкоголь өнімін Сервис арқылы немесе фискалдық деректер операторының жүйесімен интеграциялау жолымен деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машина арқылы бөлшек саудада өткізу кезінде жүзеге асырылады.
Клиент-сатушы алкоголь өнімінің тиісті бірлігін бөлшек саудада сатқан кезде алкоголь өнімінің QR-кодын оны сканерлеу жолымен не қарсы бұйрықпен расталған кезде, сервисте қатысушының қарсы бұйрықпен растау жолымен алынған алкоголь өнімінің QR-кодын айналымнан өтеуге келіскені туралы тиісті белгі болған кезде айналымнан өтейді. Бұл ретте QR-код «Өтелген» мәртебесі бар клиент-сатушының Клиент кабинетінде көрсетіледі.
23. QR-коды мен алкоголь өнімімен операциялар жүргізуге жол берілмейді:
1) осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, «Өтелген», «Берілген» мәртебелерімен;
2) клиенттің есептік жазбасын бұғаттау бар болған кезде;
3) «Қол қоюда» бұйрығының мәртебесімен.
24. QR-кодпен және алкоголь өнімімен операциялар жүргізуге жол беріледі:
1) «Белсенді» мәртебесімен;
2) тіркеушімен.
25. Клиенттің ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қойылған бұйрық/қарсы бұйрық негізінде Клиенттің кабинетінде тіркелетін операцияларға келесілер жатады:
1) өнімді қабылдап алу/тапсырып беру;
2) есептік жазба бойынша жалпы үзінді-көшірме жасау;
3) QR-код бойынша үзінді көшірме жасау;
4) есептік жазба бойынша тіркелген операциялардың тізімін жасау;
5) QR-код бойынша тіркелген операциялардың тізімін жасау.
26. Мемлекеттік кірістер органдарының кабинеті арқылы орындалатын мемлекеттік кірістер органдарының операцияларына алкоголь өніміне ЕБМ алуға өтініште көрсеткен ақпаратты тексеру жатады.
27. QR-кодты сканерлеу кезінде алкоголь өнімінің орналасқан жері туралы ақпарат түпнұсқалығы расталмаған алкоголь өнімін талдау және анықтау үшін Сервиске келіп түседі.
28. Алкоголь өнімін өндірушілер/импорттаушылар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «QazTrack» ақпараттық сервисінде алынған алкоголь өніміне QR-кодын (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) белсендіру туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) QR-кодын пайдалану туралы есепті мемлекеттік кіріс органына ұсынады.
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда) таңбалау
мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Бұйрық
Осымен «QazTrack» ақпараттық сервисінде келесі бұйрықты тіркеймін (міз):
1) өнімді беру;
2) есептік жазба бойынша жалпы үзінді-көшірме жасау;
3) QR-код бойынша үзінді көшірме жасау;
4) есептік жазба бойынша тіркелген операциялардың тізімін жасау;
5) QR-код бойынша тіркелген операциялардың тізімін жасау.
Қол қойылды және 20__ жылғы «___» _______ __:__ сағатта жіберілді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты.
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда) таңбалау мен
қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Қарсы бұйрық
Осымен «QazTrack» ақпараттық сервисінде келесі бұйрықты тіркеймін (міз):
1) өнімді қабылдау;
2) есептік жазба бойынша жалпы үзінді-көшірме жасау;
3) QR-код бойынша үзінді көшірме жасау;
4) есептік жазба бойынша тіркелген операциялардың тізімін жасау;
5) QR-код бойынша тіркелген операциялардың тізімін жасау.
Қол қойылды және 20__ жылғы «___» _______ __:__ сағатта жіберілді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты.
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда) таңбалау
мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) есептік-бақылау маркасын алуға өтініш
____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ССН/БСН, ТАӘ (бар болса)/өндірушінің атауы, мекенжайы, лицензиясы (лицензия берген орган, нөмірі, берілген күні мен жылы) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) есептік-бақылау маркасын (бұдан әрі – ЕБМ) саны ___________________________ данада (санмен және жазбаша) беруді сұраймыз. Көрсетілген ЕБМ саны алкоголь өнімін шығару үшін қажет. Алкоголь өнімінің ДСН-коды (бар болса): _____________________ Алкоголь өніміне ДСН-коды болмаған жағдайда келесілер көрсету қажет: ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ (алкоголь өнімінің атауы, түрі, сыйымдылығы және беріктігі) ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ (құю кезеңі: 20__ жылғы ___ бастап ____ дейін (ай), сәйкестік сертификаты, сертификаттау органы, сертификаттауды беру нөмірі мен кезеңі, СЭҚ ТН коды) ЕБМ сатып алуға арналған ақша құралдары __________теңге сомасында 20___ жылғы «____» ____________ № _____ төлем құжатымен _________________ банк шотына енгізілді. Акциз сомасы __________________________ теңге 20__ жылғы «___» ______ № ____ төлем құжатымен банктік шотқа төленді ___________. Алу тәсілі (жеткізу/алып кету). Алынған QR-кодтарын белсендіру туралы мәліметтерін және алынған QR кодтарын пайдалану туралы есебін АРІ-сервис арқылы беруге міндеттенемін. Осы өтініште берілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын растаймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. «QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімімен таныстым.
Қол қойылды және 20__ жылғы «___» _______ __:__ сағатта жіберілді. ЭЦҚ-дан алынған деректер. ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ДСН-коды – дербес сәйкестендіру нөмір-коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
СЭҚ ТН коды – Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
АРI-сервис – Application Programming Interface қосымшаларын бағдарламалау интерфейсі.
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра
қайнату өнімін қоспағанда)
таңбалау мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) есептік-бақылау маркасын алуға өтініш
________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ССН/БСН, ТАӘ (бар болса)/ импорттаушының атауы, мекенжайы Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) есептік-бақылау маркасын (бұдан әрі – ЕБМ) саны ___________________________ данада (санмен және жазбаша) беруді сұраймыз. Көрсетілген ЕБМ саны алкоголь өнімін импорттау үшін қажет. Алкоголь өнімінің ДСН-коды (бар болса): _____________________ Алкоголь өніміне ДСН-коды болмаған жағдайда келесілер көрсету қажет: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (алкоголь өнімінің атауы, түрі, сыйымдылығы және беріктігі) ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (құю кезеңі: 20__ жылғы ___ бастап ____ дейін (ай), сәйкестік сертификаты, сертификаттау органы, сертификаттауды беру нөмірі мен кезеңі, СЭҚ ТН коды) ЕБМ сатып алуға арналған ақша құралдары __________теңге сомасында 20___ жылғы «____» ____________ № _____ төлем құжатымен _________________ банк шотына енгізілді. Акциз сомасы __________________________ теңге 20__ жылғы «___» ______ № ____ төлем құжатымен банктік шотқа төленді ___________. Алу тәсілі (жеткізу/алып кету).
Акцизделетін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі қоса беріледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 114-бабы 2-тармағының 5), 7), 10), 12) және 13) тармақшаларда көзделген, салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің, орындалмаған хабарламалардың жоқтығын растаймын.
Алынған QR-кодтарын белсендіру туралы мәліметтерін және алынған QR кодтарын пайдалану туралы есебін АРІ-сервис арқылы беруге міндеттенемін.
Осы өтініште берілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
«QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімімен таныстым.
Қол қойылды және 20__ жылғы «___» _______ __:__ сағатта жіберілді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ДСН-коды – дербес сәйкестендіру нөмір-коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
СЭҚ ТН коды – Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
АРI-сервис – Application Programming Interface қосымшаларын бағдарламалау интерфейсі.
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда) таңбалау
мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) өндіру және (немесе) импорттау кезінде есептік-бақылау маркасын мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
_____________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ___________________________________________ (өндірушінің және (немесе) импорттаушының атауы, ЖСН/БСН, ТАӘ (бар болса), заңды мекенжайы, банктік деректемелер) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабының 7-тармағына сәйкес № ______ ЕБМ QR-кодты жазу үшін өтініштер бойынша есептік-бақылау маркаларын (бұдан әрі - ЕБМ) пайдалануға, _______________________________________ теңге мөлшерінде _________________________ № ___________ _________________________________________________________________________ (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілдік шарты, мүлік кепілі шарты) __________________________________________________ тәсілімен міндеттемесін қамтамасыз ету жүзеге асыруға (қамтамасыз ету тәсілі күні) (қамтамасыз ету тәсілі нөмірі), алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) жапсыру үшін ЕБМ (бұдан әрі-алкоголь өнімі) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде әкетуді жүзеге асыруға, ЕБМ таңбаланған алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мен оның жеткізу орнына дейін жеткізуді жүзеге асыруға, импортталған алкоголь өнімі бойынша жанама салықтарды төлеуге, алкоголь өнімін өндіру кезінде алкоголь өнімін таңбалауды жүзеге асыруға, бүлінген және (немесе) пайдаланылмаған ЕБМ берген мемлекеттік кіріс органына қайтаруға, алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде ЕБМ мақсатты пайдалану туралы өндірушінің және (немесе) импорттаушының есебі мемлекеттік кіріс органына белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттенемін. Жоғарыда көрсеткен іс-әрекет орындалмағанда осы міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы болып табылатын ақша, мемлекеттік кіріс органы міндеттемені қамтамасыз ету сомасы мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылатын болады. 20__жылғы «____» _______________ «QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімімен таныстым.
Қол қойылды және 20__ жылғы «___» _______ __:__ сағатта жіберілді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Ескерту: өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімдерін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде ЕБМ нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін қамтамасыз ету сомасының мөлшері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген.
:
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда)
таңбалау мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) есептік-бақылау маркасының нысаны, мазмұны мен қорғаныс элементтері
пішімі 65/17 миллиметр
Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өнімін таңбалау үшін есептік-бақылау маркасы
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда)
таңбалау мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) есептік-бақылау маркасының нысаны, мазмұны мен қорғаныс элементтері
пішімі 65/17 миллиметр
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін есептік-бақылау маркасы
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда)
таңбалау мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын (құйылатын шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) алкоголь өніміне есептік-бақылау маркасын жапсыру туралы есеп
_____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ ЖСН/БСН, ТАӘ (бар болса) / импорттаушының атауы, заңды мекенжайы
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын (құйылатын шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) алкоголь өніміне есептік-бақылау маркасын жапсыру туралы есепті ұсынады.
|
ЖСН/БСН, ТАӘ(бар болса) / импорттаушының атауы
|
Алынған
QR коды
|
Жапсырылған есептік-бақылау маркасы
|
Жапсыру күні мен уақыты
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
«QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімімен таныстым.
Қол қойылды және 20__ жылғы «___» _______ __:__ сағатта жіберілді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
|
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда)
таңбалау мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
«QazTrack» ақпараттық сервисінде алынған алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) QR-кодты белсендіру туралы мәліметтер
__________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ ЖСН/БСН, ТАӘ (бар болса) / өндірушының/импорттаушының атауы, заңды мекенжайы
«QazTrack» ақпараттық сервисінде алынған алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) QR-кодты белсендіру туралы мәліметтерді ұсынады.
|
ЖСН/БСН, ТАӘ (бар болса)/ өндірушінің / импорттаушының атауы
|
QR-коды алынды
|
QR-коды іске қосылды
|
Ескертпе
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
«QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімімен таныстым.
Қол қойылды және 20__ жылғы «___» _______ __:__ сағатта жіберілді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
|
«QazTrack» ақпараттық сервисін
пайдалана отырып, алкоголь өнімін
(құйылған шарапты (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімін қоспағанда)
таңбалау мен қадағалау бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
қағидалары мен мерзіміне
нысан
Алкоголь өніміне (құйылған шарапты (шарап материалы) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда) алынған QR-кодын пайдалану туралы есеп есептік кезең 20__ жылғы ____ айы
|
ЖСН/БСН, ТАӘ (бар болса)/ өндірушінің / импорттаушының атауы
|
Есепті кезеңнің басындағы қалдық
|
Алынған
QR-код
|
Пайдаланылған QR-код
|
Есепті кезеңнің соңындағы қалдық
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Қол қойылды және 20__ жылғы «___» _______ __:__ сағатта жіберілді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.