Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылындағы атауы жоқ орамдарына атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2024 ж.

    Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылындағы атауы жоқ орамдарына атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 Желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1.Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылының келесі көшелеріне:

    - № 22 орамдағы атауы жоқ көшеге "Сарыарқа" атауы;

    - №13-14 орамдардағы атаусыз көшеге "Қазығұрт" атауы;

    - №23 орамдағы атаусыз көшеге" Көктөбе " атауы;

    - №1-10 орамдардағы атаусыз көшеге "Оқжетпес" атауы;

    - №2-9 кварталдардағы атаусыз көшеге "Хантау"атауы берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өтекен соң қолданысқа енгізілсін.

    Жуантөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

    К. Примбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.