Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 мамыр 2024 ж.

    Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,0028 га, 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісі мен телефон кәрізін төсеу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

    Жер учаскесіне шектеулер, ауыртпалықтар: жоқ.

    Жер санаты: елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлері.

    Жер учаскесі санау: бөлінетін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    А.Әржікеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.