Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2024 ж.

    Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары З. Т. Есбергеноваға жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Ноғаев

    Маңғыстау облысының әкімдігінің

    2024 жылғы 6 мамырдағы

    № 70 қаулысына қосымша

    Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Қосымша білім беру бағыттарының түрлері
    Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны
    Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
    1
    Ғылыми-техникалық
    1095
    14413
    2
    Туризм және өлкетану
    220
    14413
    3
    Экологиялық-биологиялық
    230
    14413
    4
    Көркемдік-эстетикалық
    455
    14413
    5
    Әлеуметтік-педагогикалық
    905
    14413
    6
    Гуманитарлық
    1250
    14413
    7
    Жаратылыстану-математикалық
    1345
    14413
    Барлығы
    5500
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.