Жер учаскелеріне құқықты белгілеу (қауымдық сервитут) шектеулі пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19, 69 баптарына сәйкес, Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тайтөбе ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту үшін ауданы 1,5579 га мемлекеттік меншіктегі жерлерге «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» ММ-не жер схемасына сәйкес жер учаскелеріне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.
2. «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
П.Досмағанбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.