Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.

    2. Агенттіктің Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберілуін;

    2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Төраға

    А. Жұмағали

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының                       

    Қаржы министрлігі

    ________________________

    2024 жылғы «__»_________

    Қазақстан Республикасы

    Сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы іс-қимыл агенттігі

    (Сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы қызмет) Төрағасының

    2024 жылғы «__» __________

    № ___ бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының ерекше үй-жайларына арналған заттай нормалар

    Үй-жайдың атауы
    Өлшем бірлігі
    Бір үй-жайдың ауданы
    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) орталық аппараты
    1
    Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай
    ш.м.
    30
    2
    Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай
    ш.м.
    55
    3
    Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге, беттестіруді жүргізуге, тануға, қылмыстық істермен танысуға және өзге де тергеу әрекеттеріне арналған кабинет
    ш.м.
    35
    4
    Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай
    ш.м.
    65
    5
    Құпиялылық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай
    ш.м.
    70
    6
    Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет
    ш.м.
    20
    7
    Консультациялық орталық
    ш.м.
    75
    8
    Физикалық дайындық үй-жайы
    ш.м.
    400
    9
    Психолог кабинеті
    ш.м.
    50
    10
    Медициналық кабинет
    ш.м.
    50
    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
    агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық бөлімшелері
    1
    Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай
    ш.м.
    30
    2
    Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай
    ш.м.
    40
    3
    Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге, беттестіруді жүргізуге, тануға, қылмыстық істермен танысуға және өзге де тергеу әрекеттеріне арналған кабинет
    ш.м.
    35
    4
    Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай
    ш.м.
    40
    5
    Құпиялылық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай
    ш.м.
    50
    6
    Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет
    ш.м.
    30
    7
    Консультациялық орталық
    ш.м.
    75
    8
    Физикалық дайындық үй-жайы
    ш.м.
    230
    9
    Психолог кабинеті
    ш.м.
    50
    Ескертпе: жоғарыда көрсетілген тиесілік нормалары ерекше үй-жайлардың болуына және ғимараттардағы үй-жайларды жоспарлау ерекшеліктеріне байланысты айқындалады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.