Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 мамыр 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

    «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

    С. Нурбек

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім

    министрі 2024 жылғы

    14 мамырдағы № 226

    бұйрыққа қосымша

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу

    Мемлекеттік орган
    Стипендия
    студенттерге
    магистранттарға
    1.
    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
    1014
    5
    2.
    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
    15
    1
    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
    2
    0
    3.
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
    4
    4.
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    45
     1
    Барлығы
    1080
    8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.