«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 мамыр 2024 ж.

    «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

    «5. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 192-жолмен толықтырылсын:

    «

    192.
    Кө­мір­те­гі бір­лік­те­рі­мен кө­тер­ме са­уда
    46905
    ».
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.