«1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі – жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелері бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелері бойынша;»;
он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (келісу бойынша) – Қазақстан Республикасы соттарының, шетел мемлекеттері соттарының тапсырмалары, азаматтық және отбасылық істер бойынша соттардың шешімдерін тану және орындау туралы қолдаухаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) – өзінің құзыретіне қатысты құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;»;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау салаларында, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін өзге де құжаттар бойынша;»;
мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі – прокурордың, тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер және өзінің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі –ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін өзге де құжаттар бойынша.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Конвенцияның ережелерін орындауға уәкілетті, өзінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен аумақтық органдардың тізбелерін белгілесін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.