«Инватакси қызметін алушылардың санатын, объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін кеңейту туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 193 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 мамыр 2024 ж.

    «Инватакси қызметін алушылардың санатын, объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін кеңейту туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 193 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

    Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Инватакси қызметін алушылардың санатын, объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін кеңейту туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 193 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 болып тіркелген) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) бірінші топтағы мүгедектігі бар және бүйрек аурулары бар адамдар.»;

    көрсетілген қаулының 2 тармағы мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

    «2) бүйрек аурулары бар адамдар үшін Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы.»;

    аталған қаулыда қазақша мәтінде 4 тармақ өзгермейді.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сарысу ауданының әкімі

    С. Мамытов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.