«Мойынқұм ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 64-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2024 ж.

    «Мойынқұм ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 64-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Мойынқұм ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Мойынқұм ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 64-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде №4741 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін;

    көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға оқу кезеңінде тоқсанына бір рет алты айлық есептік көрсеткішке тең.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы

    Н. Саурыков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.