Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1. көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
Б.Шингисов
Ұлытау облыстық мәслихатының
VIII сессиясының
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№92 шешіміне қосымша
Ұлытау облыстық мәслихатының
XIV сессиясының
2024 жылғы10 мамырдағы
№131 шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі
1. «Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы» - «Этеплирсен» препараты;
2. «Муковисцидоз» - «Тобрамицин» препараты;
3. «Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер» - «Силденафил» препараты;
4. «Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер» - «Риоцигуат» препараты;
5. «Кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит» - «Голимумаб», «Адалимумаб» препараты;
6. «Бехтерев ауруы» - Инфликсимаб препараты;
7. «Созылмалы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура» - «иммуноглобулин G (адамның қалыпты)» препараты;
8. «Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (атриальды фибрилляция)» - «Ривароксабан» препараты;
9. «Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозын облитерациялау» - ривароксабан препараты;
10. «Жүйелік склеродерма» - «Метилпреднизолон» препараты;
11. «Ревматоидты артрит» - «Адалимумаб» препараты;
12. «Басқа нақтыланған жүйелік зақымдану» - «Анакинра» препараты; 13.«Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» - «Олодотерол» препараты;
14. «Ойық жаралы колит» - «Адалимумаб» препараты;
15. «Артропиялық псориаз» - Гуселькумаб препараты.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.