Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 және «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 мамыр 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 және «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

    «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 405-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «405-5. «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;

    2) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «18-1) балаларды алты жастан бастап тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданбай қабылдау тәртібін айқындау;»;

    мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «34-1) педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісін айқындау;»;

    мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «46-1) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «66) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 133-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «133-1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 235-37) тармақшамен толықтырылсын:

    «235-37) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басқару, әкімшілік және көмекші персоналының штат санын және штат кестесін өзгерту тәртібін айқындау;»;

    Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.