«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 мамыр 2024 ж.

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларында:

    4-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Мансап орталығы өтініш берушінің келісімімен өтініш берушінің кірістерін уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерімен, мансап орталығының немесе ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ұсынған жазбаша құжаттармен, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттармен салыстырып тексереді.»;

    26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «26. Адамның (отбасының) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық кірісін есептеген кезде:

    1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;

    2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату құнының өсуінен түскен;

    3) шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүліктік пайлардан алынған кіріс ескеріледі.

    Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық кірісін есептеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген) бекітілген Салық есептілігін жасау қағидаларына сәйкес салық органдарына ұсынылатын алынған кіріс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан нақты алынған кіріс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық кіріс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық кірісі қосылады;

    4) тәуелсіз қызметкерлердің қызметі нәтижесінде алынған кіріс ескеріледі. Бұл ретте кіріс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі;

    5) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның қызметі нәтижесінде алынған кіріс ескеріледі.

    Адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алған бір айдағы кірісі алдыңғы салық кезеңі үшін мәлімделген кірістің сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен айқындалады.

    Бұл ретте патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер бойынша бір айдағы табыс сомасы патент құнын есептеуде декларацияланған табыс сомасын осындай есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен айқындалады.

    Бұл ретте, егер декларацияда көрсетілген табыстың орташа сомасы айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда жиынтық кірісіне айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріндегі сома ескеріледі.

    Жиынтық кіріс алынған шаманы кірістің орташа сомасынан не есепке жатқызуға белгіленген кіріс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады, бұл ретте кіріс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларында:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Өтініш қабылдау кезінде мансап орталығы немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) мынадай мәліметтерді алу үшін дербес сұрау салуды қалыптастырады:

    1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

    2) қандас мәртебесі туралы;

    3) босқын мәртебесі туралы;

    4) шетелдік мәртебесі туралы;

    5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;

    6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

    7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

    8) мүгедектікті белгілеу туралы;

    9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

    10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

    11) бала асырап алу туралы;

    12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) (некені бұзуды) тіркеу туралы;

    13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;

    14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);

    15) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы;

    16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

    17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

    18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

    19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

    20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;

    21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;

    22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;

    23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;

    24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы;

    25) іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы.

    Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

    Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді.

    Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»;

    33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «33. Мансап орталығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өзгерту, төлемін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату (мөлшерін өзгерту) туралы хабарлама береді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    2024 жылғы 6 мамырдағы

    № 141

    бұйрығына 1 қосымша

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

    көмек алуға үміткер адамның

    (отбасының) жиынтық кірісін

    есептеу қағидаларына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі

    Об­лы­сы, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на
    Ауда­ны, қа­ла
    1
    2
    1. Да­ла ай­ма­ғы
    Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
    1. Ай­ыр­тау ауда­ны
    2. Ақ­жар ауда­ны
    3. Мағ­жан Жұ­ма­ба­ев ауда­ны
    4. Есіл ауда­ны
    5. Жам­был ауда­ны
    6. Қы­зы­л­жар ауда­ны
    7. Мам­лют ауда­ны
    8. Шал ақын ауда­ны
    9. Ақ­қай­ың ауда­ны
    10. Тай­ын­ша ауда­ны
    11. Ти­ми­ря­зев ауда­ны
    12. Уә­ли­ха­нов ауда­ны
    13. Ға­бит Мү­сі­ре­пов ауда­ны
    14. Пет­ро­павл қа­ла­сы
    Ақ­мо­ла об­лы­сы
    1. Бір­жан сал ауда­ны
    2. Зе­рен­ді ауда­ны
    3. Бу­ра­бай ауда­ны
    4. Сан­дық­тау ауда­ны
    5. Бұ­лан­ды ауда­ны
    6. Ақ­көл ауда­ны
    7. Ерей­мен­тау ауда­ны
    8. Жақ­сы ауда­ны
    9. Көк­ше­тау қа­ла­сы
    10. Степ­но­гор қа­ла­сы
    Қо­ста­най об­лы­сы
    1. Қа­ра­ба­лық ауда­ны
    2. Фе­до­ров ауда­ны
    3. Мең­ді­қа­ра ауда­ны
    4. Ұзын­көл ауда­ны
    5. Де­ни­сов ауда­ны
    6. Әу­лие­көл ауда­ны
    7. Қа­ра­су ауда­ны
    8. Ал­тын­са­рин ауда­ны
    9. Са­ры­көл ауда­ны
    10. Қо­ста­най ауда­ны
    11. Бей­ім­бет Май­лин ауда­ны
    12. Қо­ста­най қа­ла­сы
    13. Руд­ный қа­ла­сы
    Пав­ло­дар об­лы­сы
    1. Ер­тіс ауда­ны
    2. Же­ле­зин ауда­ны
    3. Те­рең­көл ауда­ны
    2. Қу­аң да­ла ай­ма­ғы
    Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
    1. Ақ­жай­ық ауда­ны
    2. Тас­қа­ла ауда­ны
    3. Бәй­те­рек ауда­ны
    4. Те­ректі ауда­ны
    5. Бө­рі­лі ауда­ны
    6. Шың­ғыр­лау ауда­ны
    7. Орал қа­ла­сы
    Ақ­тө­бе об­лы­сы
    1. Қоб­да ауда­ны
    2. Мәр­төк ауда­ны
    3. Әй­те­ке би ауда­ны
    4. Қар­ға­лы ауда­ны
    5. Ал­ға ауда­ны
    6. Ақ­тө­бе қа­ла­сы
    Қо­ста­най об­лы­сы
    1. Қа­мысты ауда­ны
    2. На­уры­зым ауда­ны
    3. Жі­ті­қа­ра ауда­ны
    4. Ли­са­ковск қа­ла­сы
    Ақ­мо­ла об­лы­сы
    1. Есіл ауда­ны
    2. Ат­ба­сар ауда­ны
    3. Қор­ғал­жын ауда­ны
    4. Шор­тан­ды ауда­ны
    5. Це­ли­но­град ауда­ны
    6. Аст­ра­хан ауда­ны
    7. Ар­ша­лы ауда­ны
    8. Егін­ді­көл ауда­ны
    9. Жар­қай­ың ауда­ны
    Аста­на қа­ла­сы
    1. Аста­на қа­ла­сы
    Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
    1. Нұ­ра ауда­ны
    2. Қар­қа­ра­лы ауда­ны
    3. Оса­ка­ров ауда­ны
    4. Абай ауда­ны
    5. Бұ­қар жы­рау ауда­ны
    6. Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы
    7. Са­рань қа­ла­сы
    8. Шах­тинск қа­ла­сы
    9. Те­мір­тау қа­ла­сы
    Пав­ло­дар об­лы­сы
    1. Ақ­то­ғай ауда­ны
    2. Ба­я­на­уыл ауда­ны
    3. Ақ­қу­лы ауда­ны
    4. Май ауда­ны
    5. Пав­ло­дар ауда­ны
    6. Успен ауда­ны
    7. Шар­бақ­ты ауда­ны
    8. Пав­ло­дар қа­ла­сы
    9. Ақ­су қа­ла­сы
    10. Екі­ба­стұз қа­ла­сы
    Абай об­лы­сы
    1. Бес­қа­ра­ғай ауда­ны
    2. Бо­ро­ду­ли­ха ауда­ны
    3. Көк­пек­ті ауда­ны
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
    1. Ал­тай ауда­ны
    2. Са­мар ауда­ны
    3. Шө­лейт­ті ай­мақ
    Ал­ма­ты об­лы­сы
    1. Қо­на­ев қа­ла­сы
    Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
    1. Бө­көй­ор­да­сы ауда­ны
    2. Жа­ңа­қа­ла ауда­ны
    3. Жәні­бек ауда­ны
    4. Қазта­лов ауда­ны
    5. Қа­ра­т­ө­бе ауда­ны
    6. Сы­рым ауда­ны
    Қо­ста­най об­лы­сы
    1. Аман­гел­ді ауда­ны
    2. Жан­гел­ді ауда­ны
    3. Ар­қа­лық қа­ла­сы
    Ақ­тө­бе об­лы­сы
    1. Ой­ыл ауда­ны
    2. Те­мір ауда­ны
    3. Ыр­ғыз ауда­ны
    4. Хром­тау ауда­ны
    5. Мұ­ғал­жар ауда­ны
    Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
    1. Шет ауда­ны
    2. Ақ­то­ғай ауда­ны
    3. Бал­қаш қа­ла­сы
    4. При­озерск қа­ла­сы
    Ұлы­тау об­лы­сы
    1. Жа­ңа­ар­қа ауда­ны
    2. Ұлы­тау ауда­ны
    3. Жез­қаз­ған қа­ла­сы
    4. Қа­ра­жал қа­ла­сы
    5. Сәт­ба­ев қа­ла­сы
     
    Абай об­лы­сы
    1. Абай ауда­ны
    2. Ая­гөз ауда­ны
    3. Жар­ма ауда­ны
    4. Се­мей қа­ла­сы
    5. Кур­ча­тов қа­ла­сы
    4. Шөл­ді ай­мақ
    Аты­рау об­лы­сы
    1. Жы­лыой ауда­ны
    2. Ин­дер ауда­ны
    3. Ис­а­тай ауда­ны
    4. Құр­ман­ға­зы ауда­ны
    5. Қы­зыл­қо­ға ауда­ны
    6. Ма­қат ауда­ны
    7. Ма­хам­бет ауда­ны
    8. Аты­рау қа­ла­сы
    Қы­зы­лор­да об­лы­сы
    1. Арал ауда­ны
    2. Жа­ла­ғаш ауда­ны
    3. Жа­ңа­қор­ған ауда­ны
    4. Қа­за­лы ауда­ны
    5. Қар­мақ­шы ауда­ны
    6. Сыр­да­рия ауда­ны
    7. Ши­е­лі ауда­ны
    8. Қы­зы­лор­да қа­ла­сы
    Ақ­тө­бе об­лы­сы
    1. Бай­ға­нин ауда­ны
    2. Шал­қар ауда­ны
    Маң­ғы­стау об­лы­сы
    1. Бей­неу ауда­ны
    2. Қа­ра­қия ауда­ны
    3. Маң­ғы­стау ауда­ны
    4. Түп­қа­ра­ған ауда­ны
    5. Мұ­най­лы ауда­ны
    6. Ақ­тау қа­ла­сы
    7. Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы
    Түр­кі­стан об­лы­сы
    1. Со­зақ ауда­ны
    2. Оты­рар ауда­ны
    Жам­был об­лы­сы
    1. Са­ры­су ауда­ны
    2. Та­лас ауда­ны
    3. Тұ­рар Рыс­құ­лов ауда­ны
    Ал­ма­ты об­лы­сы
    1. Бал­қаш ауда­ны
    5. Тау eтe­гі-шөл­ді-да­ла­лық ай­мақ
    Ал­ма­ты об­лы­сы
    1. Ең­бек­ші­қа­зақ ауда­ны
    2. Жам­был ауда­ны
    3. Ке­ген ауда­ны
    4. Қа­ра­сай ауда­ны
    5. Рай­ым­бек ауда­ны
    6. Тал­ғар ауда­ны
    7. Ұй­ғыр ауда­ны
    8. Іле ауда­ны
    9. Ала­тау қа­ла­сы
    Же­ті­су об­лы­сы
    1. Ақ­су ауда­ны
    2. Ала­көл ауда­ны
    3. Ес­кел­ді ауда­ны
    4. Қа­ра­тал ауда­ны
    5. Кер­бұ­лақ ауда­ны
    6. Көк­су ауда­ны
    7. Пан­фи­лов ауда­ны
    8. Сар­қанд ауда­ны
    9. Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы
    10. Те­ке­лі қа­ла­сы
    Ал­ма­ты қа­ла­сы
    1. Ал­ма­ты қа­ла­сы
    Жам­был об­лы­сы
    1. Бай­зақ ауда­ны
    2. Жам­был ауда­ны
    3. Жу­а­лы ауда­ны
    4. Қор­дай ауда­ны
    5. Мер­ке ауда­ны
    6. Мой­ын­құм ауда­ны
    7. Шу ауда­ны
    8. Та­раз қа­ла­сы
    Түр­кі­стан об­лы­сы
    1. Арыс ауда­ны
    2. Бәй­ді­бек ауда­ны
    3. Же­ті­сай ауда­ны
    4. Ке­лес ауда­ны
    5. Қазығ­ұрт ауда­ны
    6. Мақ­та­арал ауда­ны
    7. Ор­даб­а­сы ауда­ны
    8. Сай­рам ауда­ны
    9. Са­рыа­ғаш ауда­ны
    10. Са­у­ран ауда­ны
    11. Тө­ле­би ауда­ны
    12. Түл­кі­бас ауда­ны
    13. Шар­да­ра ауда­ны
    14. Кен­тау қа­ла­сы
    15. Түр­кі­стан қа­ла­сы
    Абай об­лы­сы
    1. Үр­жар ауда­ны
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
    1. Зай­сан ауда­ны
    Шым­кент қа­ла­сы об­лы­сы
    1. Шым­кент қа­ла­сы
    6. Оң­тү­стік Сі­бір та­у­лы және тау eтe­гі ай­ма­ғы
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
    1. Глу­бо­кое ауда­ны
    2. Ка­тон­қа­ра­ғай ауда­ны
    3. Ше­мо­наи­ха ауда­ны
    4. Тар­ба­ға­тай ауда­ны
    5. Күр­шім ауда­ны
    6. Ұлан ауда­ны
    7. Өс­ке­мен қа­ла­сы
    8. Рид­дер қа­ла­сы
    Абай об­лы­сы
    1. Ақ­су­ат ауда­ны

    2024 жылғы 6 мамырдағы

    № 141

    бұйрығына 2-қосымша

    Атаулы әлеуметтік көмекті

    тағайындау және

    төлеу қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың ЖАО
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі, ман­сап ор­та­лы­ғы, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі – «пор­тал»), ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
    «Пор­тал», ман­сап ор­та­лы­ғы­на жү­гін­ген кез­де – ман­сап ор­та­лы­ғы құ­жат­тар топ­та­ма­сын тір­ке­ген күн­нен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні
    Про­ак­тив­тік қыз­мет көр­се­ті­л­ген кез­де – адам­ның (от­ба­сы­ның) ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ы­на тек­се­ру жүр­гізу­ге адам­ның (от­ба­сы­ның) ке­лі­сі­мін ал­ған күн­нен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні
    кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­міне құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған күн­нен ба­стап – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға неме­се ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ре­сім­де­ген жағ­дай­да құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­лып­та­сты­ру мер­зі­мі өті­ніш бе­ру­ші­ге жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма жі­бе­ре оты­рып, күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­ге дей­ін ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және (неме­се) ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де ұзар­ты­ла­ды
    ман­сап ор­та­лы­ғын­да, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут
    4
    Көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де/про­ак­тив­ті
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі
    Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма, ал бас тар­тқан жағ­дай­да – оның се­беп­те­рін жа­з­ба­ша ны­сан­да ман­сап ор­та­лы­ғы неме­се әкім ар­қы­лы, сон­дай-ақ ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де­гі або­нент­тік нө­мір­ге ха­бар­ла­ма жі­бе­ру жо­лы­мен ха­бар­дар ету.
    Қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы көр­сет­кен кез­де та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма, ал бас тар­тқан жағ­дай­да – оның се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» уәкі­лет­ті ор­ган­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ха­бар­ла­ма.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да олар­ды өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) ман­сап ор­та­лы­ғын­да – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес са­ғат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дей­ін;
    2) кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін.
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру – са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек­ті­лік тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді.
    3) «пор­тал­да» – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Ман­сап ор­та­лы­ғы­на мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші өті­ніш­ті қа­был­дау ке­зін­де мы­на­дай мә­лі­мет­тер­ді алу үшін «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­ріне (бұ­дан әрі – ақ­па­рат­тық жүй­е­лер) сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды :
    1) өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын, оның ішін­де цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін);
    2) қан­дас мәр­те­бе­сі ту­ра­лы;
    3) бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы;
    4) ше­тел­дік мәр­те­бе­сі ту­ра­лы;
    5) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сі ту­ра­лы;
    6) от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы;
    7) жәр­де­ма­қы­лар­ды бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­лер ту­ра­лы;
    8) мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы;
    9) ба­ла­ның ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы (бар­лық ба­ла­лар­ға);
    10) қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы;
    11) ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы;
    12) неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қи­ю­ды (неке­ні бұ­зу­ды) тір­кеу ту­ра­лы;
    13) егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са – оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы;
    14) кі­рі­стер ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен та­быст­ар, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар);
    15) кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы;
    16) өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы;
    17) же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тың бо­луы ту­ра­лы;
    18) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы (бар бол­са);
    19) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы;
    20) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан али­мент ту­ра­лы және (неме­се) ол бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы;
    21) өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы;
    22) мен­ші­гін­де тұр­ғын үй, үй-жай­дың бо­луы ту­ра­лы;
    23) мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы;
    24) мен­ші­гін­де ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы;
    25) із­де­сті­ру есе­бін­де­гі адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер алу үшін «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­ріне (бұ­дан әрі – ақ­па­рат­тық жүй­е­лер) сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды;
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да әкім неме­се ман­сап ор­та­лы­ғы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ға және (неме­се) ұй­ым­ға жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­ды ре­сім­дей­ді.
    Өті­ніш бе­ру­ші жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те ұсы­ну­ға құқы­лы.
    Өті­ніш бер­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші­ге Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі - тір­кеу кү­ні және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу кү­ні, құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған адам­ның те­гі мен аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген өті­ніш­тің үз­бе­лі та­ло­ны бе­рі­ле­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.
    Пор­тал­ға:
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық үкі­мет пор­та­лы ар­қы­лы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш;
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мен оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, қан­да­стың мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, ше­тел­дік­тің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, аза­мат­тығы жоқ адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
    жәр­де­ма­қы бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­ле­рі ту­ра­лы; мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы; ба­ла­ның (бар­лық ба­ла­лар­ға) ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы; қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы; ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы; неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) одан тыс жер­лер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке қи­ю­ды (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) тір­кеу ту­ра­лы; егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са – оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы; та­быст­ар ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар), кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы әле­умет­тік кө­мек, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы, ең­бек қыз­ме­ті (бар бол­са) ту­ра­лы; жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы; али­мент­тер және (неме­се) олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар ту­ра­лы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш біл­дір­ген тоқ­сан­ның ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан олар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы; өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы; мен­ші­гін­де тұр­ғын үй­дің, үй-жай­лар­дың бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы, із­де­сті­ру есе­бін­де­гі адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар­ды цифр­лық құ­жат­тар
    сер­ви­сі­нен пор­тал­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ныс або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.
    Про­ак­тив­тік қыз­мет көр­се­ті­л­ген кез­де:
    мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның про­ак­тив­ті қыз­мет көр­се­ту­ге ке­лі­сі­мі, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы ар­қы­лы банк шо­ты­ның нө­мі­рін рас­тау неме­се ұсы­ну.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, қан­дас мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, ше­тел­дік мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы, мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы, ба­ла­ның ту­уын (қай­тыс бо­луын) (бар­лық ба­ла­лар­ға) тір­кеу ту­ра­лы, қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы, ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қи­ю­ды (бұ­зу­ды) тір­кеу ту­ра­лы, егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са - оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы, та­быс ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен та­быст­ар, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар); кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се оны та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы (бар бол­са), жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы, ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш біл­дір­ген тоқ­сан­ның ал­дын­да­ғы қа­та­ры­нан үш ай ішін­де али­мент және (неме­се) олар бой­ын­ша бе­ре­ше­гі­нің бо­луы ту­ра­лы, бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да бо­луы неме­се өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рін мәж­бүр­леп ем­деу ту­ра­лы, мен­ші­гін­де тұр­ғын үй­дің, үй-жай­лар­дың бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы, із­де­сті­ру есе­бін­де­гі адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, элек­трон­дық өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген банк шо­ты­ның нө­мі­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар жі­бе­ру ар­қы­лы пай­да­ла­ну­шы­ның пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да ала­ды.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту­ға:
    1) от­ба­сы­ның жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы ор­та­ша кі­рі­сі­нің об­лы­стар­да, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­да, аста­на­да бел­гі­лен­ген ке­дей­лік ше­гі­нен асуы;
    2) учас­ке­лік ко­мис­си­я­ның ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ы­на тек­се­ру жүр­гі­зу­ден өті­ніш бе­ру­ші­нің бас тар­туы;
    3) адам­ның (от­ба­сы­ның) ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ын тек­се­ру нәти­же­сін­де дай­ын­дал­ған қа­жет­ті­лік­тің жоқ­тығы ту­ра­лы учас­ке­лік ко­мис­си­я­ның қо­ры­тындысы;
    4) Ко­дек­стің 122-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­сі­нің жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­се­тін ша­ра­лар­ға қа­ты­су­дан бас тар­тқан күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де бас тар­туы;
    5) алушы­ның кінә­сі­нан бұ­рын жа­сал­ған әле­умет­тік ке­лі­сім­шар­тты бұ­зу және (неме­се) әле­умет­тік ке­лі­сім­шар­тта көз­дел­ген мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­мау – ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға қай­та­лап өті­ніш бер­ген­ге дей­ін­гі ал­ты ай ішін­де;
    6) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау үшін кө­рі­неу жал­ған мә­лі­мет­тер және (неме­се) дұ­рыс емес құ­жат­тар­ды – олар ұсы­ны­л­ған күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де ұсы­ну негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Өті­ніш бе­ру­ші қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала ала­ды.
    Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін пай­да­ла­ну­шы­лар­дың мо­биль­ді қо­сым­ша­сын­да және ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­то­ри­за­ци­ядан өту қа­жет, бұ­дан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да, жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.