«Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18861 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16 және 17-жолдармен толықтырылсын:

    «

    16
    «ATAMEKEN BUSINESS»
    17
    «НТК»
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы

    К. Искаков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.