Алакөл ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық мәслихат төрағасы
Д. Каримов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.