Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік статистика туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:

    қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23101 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері мынадай мөлшерде белгіленсін:

    банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін –100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

    қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін:

    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

    2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге;

    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

    тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін – 50 000 000 (елу миллион) теңге;

    уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін:

    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

    2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге.

    Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы міндеттемелерді шегергенде коллекторлық агенттіктің активтері ретінде есептелетін соманы құрайды.

    Құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшеріне ақы төлеуді растау мақсатында коллекторлық агенттік оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) сәтіне қарай мынадай құжаттарды ұсынады: коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына аударылғанын растайтын және есептік тіркеуден өту үшін өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) және бар болса, шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімі не одан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы берген үзінді - көшірме.».

    3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды:

    1) Агенттіктің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Агенттіктің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы

    М. Абылкасымова

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту

    Агенттігінің Басқармасының

    2024 жылғы 30 сәуірдегі

    № 20 қаулысына

    Қосымша

    Пруденциялық нормативтерге

    және микроқаржылық қызметті

    жүзеге асыратын ұйымның

    сақтауы мiндеттi өзге де

    нормалар мен лимиттердi,

    оларды есептеу

    әдістемесіне

    қосымша

    Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген микроқаржы ұйымы активтерінің кестесі

    Бап­тар­дың ата­уы
    %-бен тәу­е­кел дә­ре­же­сі
    I топ
    1.
    Қол­ма-қол тең­ге
    0
    2.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сы
    0
    3.
    Та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар
    0
    4.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі са­лым­дар және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кіне қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    0
    5.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
    0
    6.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар, Еуро­па Да­му Бан­кін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ва­лю­та­да­ғы са­лым­да­ры
    0
    7.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    0
    8.
    Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру ор­ган­да­ры шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры
    0
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Ба­ға­лы қа­ға­з­дар ры­но­гы ту­ра­лы» За­ңы­на сәй­кес «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры», «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі», «Про­бле­ма­лық кре­дит­тер қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар, сон­дай-ақ Еура­зия Да­му Бан­кі шы­ғар­ған және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ва­лю­та­сын­да но­ми­нир­лен­ген ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    0
    10.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    0
    11.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    0
    12.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ»-дан тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар банк­тер­ге ашық ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
    0
    II топ
    13.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің, ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­ла­уы жоқ ел­дер­дің қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сы
    20
    14.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
    20
    15.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
    20
    16.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
    20
    17.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    20
    18.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    20
    19.
    Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    20
    20.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    20
    21.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА-»-тен тө­мен емес бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    20
    22.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ААА»-дан «АА-»-ке дей­ін­гі кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzAAA» -дан «kzAA-»-ке дей­ін­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы ба­лан­ста ұстап қа­ла­тын се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­сы
    20
    III топ
    23.
    Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты мақ­сат­тар­ға бе­рі­л­ген ке­піл­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген мик­ро­кре­дит­тер
    50
    24.
    Та­зар­тыл­ма­ған қым­бат ме­тал­дар
    50
    25.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
    50
    26.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
    50
    27.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі ұй­ым­дар­да­ғы са­лым­дар
    50
    28.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ұй­ым­дар­да­ғы де­би­тор­лық бе­ре­шек
    50
    29.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    50
    30.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    50
    31.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    50
    32.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А+»-тен «А-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­і­нің рей­тин­гі бар ұй­ым­дар шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    50
    33.
    Со­ма­сы осы ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­дық құ­ны­ның ке­мін­де 50 (елу) пай­ы­зын жа­ба­тын, «ДА­МУ» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның және (неме­се) «Қа­зақ­стан Да­му бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ке­піл­дік­те­рі бар, «Қа­зақ­стан қор бир­жа­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» не «Ба­ла­ма­лы» алаң­да­ры «Бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сіне сәй­кес ша­ғын неме­се ор­та кә­сіп­кер­лік­ке жат­қы­зы­л­ған субъ­ек­ті­лер шы­ғар­ған және ке­ле­сі өл­шем­шар­ттар­ға сәй­кес ке­ле­тін ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
    50
    1) эми­тент­тің ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­ның бір шы­ға­ры­лы­мы­на са­лын­ған ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі мен­шік­ті ка­пи­тал­дың 0,02 (нөл бү­тін жүз­ден екі) пай­ы­зы­нан ас­пай­ды;
    2) ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ру ва­лю­та­сы – тең­ге.
    34.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) «А+»-тен «А-»-ке дей­ін кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzA+»-тен «kzA-»-ке дей­ін рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар және мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы ба­лан­ста ұстай­тын се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
    50
    35.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен «ВВ+»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент-банк­тер­ге неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ-»-тен «ВВ+»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-бан­кіне ашы­л­ған ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
    50
    36.
    «Қа­зақ­стан қор бир­жа­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    50
    IV топ
    37.
    Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті іс­ке асы­ру­мен бай­ла­ны­сты мақ­сат­тар­ға бе­рі­л­ген ке­піл­сіз мик­ро­кре­дит­тер
    100
    38.
    Бе­рі­л­ген мик­ро­кре­дит со­ма­сын то­лы­ғы­мен жа­ба­тын ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның ке­пі­лі­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лық мик­ро­кре­дит­тер
    100
    39.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
    100
    40.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+» -тен «В-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лық ара­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
    100
    41.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А-»-тан тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент- ұй­ым­да­рын­да­ғы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ре­зи­дент- ұй­ым­да­рын­да­ғы және Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
    100
    42.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А-»-тан тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент- ұй­ым­да­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ре­зи­дент- ұй­ым­да­ры­ның және Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»»-тен «В-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­ры­ның де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі
    100
    43.
    Же­ке тұ­лға­лар­дың де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі
    100
    44.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған, мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сіне ие ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    100
    45.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+» -тен «ВВ-»-ке дей­ін тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    100
    46.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «В-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    100
    47.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «А-»-тан тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент-ұй­ым­дар және Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін­гі бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    100
    48.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дей­ін­гі кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар, не Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzBBB+»-тен «kzBBB-»-ке рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы ба­лан­ста ұстай­тын се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
    100
    49.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент-банк­те­ріне не Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент бан­кіне ашы­л­ған ағым­да­ғы шот­тар бой­ын­ша та­лап­тар
    100
    50.
    Тө­лем­дер бой­ын­ша есеп ай­ы­ры­су­лар
    100
    51.
    Негіз­гі қа­ра­жат
    100
    52.
    Ма­те­ри­ал­дық қор
    100
    53.
    Сый­а­қы мен шы­ғы­стар со­ма­сын ал­дын ала тө­леу
    100
    V топ
    54.
    Тұ­ты­ну­шы­лық мик­ро­кре­дит­тер, оның ішін­де «Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Заң) 4-ба­бы­ның 3-1-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­рі­л­ген, мик­ро­кре­дит со­ма­сын то­лы­ғы­мен жа­ба­тын ке­піл­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген мик­ро­кре­дит­тер
    150
    55.
    Ке­піл­сіз тұ­ты­ну­шы­лық мик­ро­кре­дит­тер
    200
    56.
    Заң­ның 4-ба­бы 3-1-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­рі­л­ген ке­піл­сіз мик­ро­кре­дит­тер
    500
    57.
    Жа­сан­ды ин­тел­лект, блок­чейн және бас­қа да ин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар пай­да­ла­ны­ла оты­рып, қар­жы­лық және (неме­се) тө­лем қыз­мет­те­рін көр­се­ту мүм­кін­ді­гін бе­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­те­тін, ин­тер­нет ар­қы­лы ақ­па­рат­тық жүйе пай­да­ла­ны­ла оты­рып, қар­жы ұй­ым­да­ры неме­се эми­тент­тер мен қар­жы­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да қар­жы­лық қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де мәмі­ле­лер жа­сау мүм­кін­ді­гін бе­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­те­тін, ұй­ым­дар­ды қар­жы ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­т­ін­де, оның ішін­де олар­дың қыз­ме­тін ав­то­мат­тан­ды­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды әзір­ле­уді, өт­кі­зу­ді, қол­дап оты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі және бей­ре­зи­дент­те­рі) мен­шік­ті ка­пи­тал мөл­ше­рі­нің 15 (он бес) пай­ы­зы­нан ас­пай­тын ак­ци­я­лар­ға (жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі) ин­ве­сти­ци­я­лар
    150
    58.
    Жа­сан­ды ин­тел­лект, блок­чейн және бас­қа да ин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар пай­да­ла­ны­ла оты­рып, қар­жы­лық және (неме­се) тө­лем қыз­мет­те­рін көр­се­ту мүм­кін­ді­гін бе­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­те­тін, ин­тер­нет же­лі­сі ар­қы­лы ақ­па­рат­тық жүйе пай­да­ла­ны­ла оты­рып, қар­жы ұй­ым­да­ры неме­се эми­тент­тер мен қар­жы­лық қыз­мет­тер­ді тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да қар­жы­лық қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де мәмі­ле­лер жа­сау мүм­кін­ді­гін бе­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­те­тін, қар­жы ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­т­ін­де, оның ішін­де олар­дың қыз­ме­тін ав­то­мат­тан­ды­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды әзір­ле­уді, өт­кі­зу­ді, қол­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі мен бей­ре­зи­дент­те­рі­нің) ак­ци­я­ла­ры­на (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сі) мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның ша­ма­сы­нан 15 (он бес) пай­ы­здан ас­пай­тын ин­ве­сти­ци­я­ла­ры
    1250
    59.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тiк­тер­дiң бі­рiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар ел­дер­дің ор­та­лық банк­те­рін­де­гі са­лым­дар
    150
    60.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «В-»-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тiк­тер­дiң бі­рiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
    150
    61.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ-» тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тiк­тер­дiң бі­рiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гi бар және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент- ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар
    150
    62.
    Тө­мен­де көр­се­ті­л­ген шет мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да тір­кел­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­рын­да­ғы са­лым­дар:
    150
    1) Ан­дор­ра Князь­ді­гі;
    2) Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (Аме­ри­ка­лық Вир­гин арал­да­ры­ның, Гу­ам ара­лы­ның және Пу­эр­то-Ри­ко до­ста­стығы аумақ­та­ры бөлi­гiн­де ға­на);
    3) Ан­ти­гуа және Бар­бу­да мем­ле­ке­ті;
    4) Ба­гам арал­да­ры до­ста­стығы;
    5) Бар­ба­дос мем­ле­ке­ті;
    6) Бах­рейн мем­ле­ке­ті;
    7) Бе­лиз мем­ле­ке­ті;
    8) Бру­ней Да­рус­са­лам мем­ле­ке­ті;
    9) Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі (Ду­бай қа­ла­сы ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    10) Ва­ну­а­ту Рес­пуб­ли­ка­сы;
    11) Гва­те­ма­ла Рес­пуб­ли­ка­сы;
    12) Гре­на­да мем­ле­ке­ті;
    13) Джи­бу­ти Рес­пуб­ли­ка­сы;
    14) До­ми­ни­кан Рес­пуб­ли­ка­сы;
    15) Жа­ңа Зе­лан­дия (Ку­ка және Ниуэ арал­да­ры ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    16) Ин­до­не­зия Рес­пуб­ли­ка­сы;
    17) Ис­па­ния (Ка­нар арал­да­ры­ның ау­ма­ғы бөлi­гiн­де ға­на);
    18) Кипр Рес­пуб­ли­ка­сы;
    19) Ко­мор Арал­да­ры Фе­де­рал­ды Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы;
    20) Ко­ста-Ри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы;
    21) Қы­тай Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы (Ао­мынь (Ма­као) және Сян­ган (Гон­конг) ар­найы әкiм­шiлiк аудан­да­ры­ның аумақ­та­ры бөлi­гiн­де ға­на);
    22) Ли­бе­рия Рес­пуб­ли­ка­сы;
    23) Лих­тен­штейн Князь­ді­гі;
    24) Мав­ри­кий Рес­пуб­ли­ка­сы;
    25) Ма­лай­зия (Ла­бу­ан ан­кла­вы­ның ау­ма­ғы бөлi­гiн­де ға­на);
    26) Маль­див Рес­пуб­ли­ка­сы;
    27) Маль­та Рес­пуб­ли­ка­сы;
    28) Мар­шалл арал­да­ры Рес­пуб­ли­ка­сы;
    29) Мо­на­ко Князь­ді­гі;
    30) Мьян­ма Ода­ғы;
    31) На­у­ру Рес­пуб­ли­ка­сы;
    32) Ни­дер­лан­ды (Ару­ба ара­лы­ның ау­ма­ғы және Ан­тиль арал­да­ры­ның тәу­ел­дi аумақ­та­ры бөлi­гiн­де ға­на);
    33) Ни­ге­рия Фе­де­ра­тив­тiк Рес­пуб­ли­ка­сы;
    34) Пор­ту­га­лия (Ма­дей­ра арал­да­ры­ның ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    35) Па­лау Рес­пуб­ли­ка­сы;
    36) Па­на­ма Рес­пуб­ли­ка­сы;
    37) Са­моа Тәу­ел­сiз мем­ле­кетi;
    38) Сей­шел арал­да­ры Рес­пуб­ли­ка­сы;
    39) Сент-Вин­сент және Гре­на­дин мем­ле­кетi;
    40) Сент-Китс және Невис Фе­де­ра­ци­я­сы;
    41) Сент-Лю­сия мем­ле­ке­ті;
    42) Тон­га Ко­роль­дi­гi;
    Ан­ги­лья арал­да­ры;
    Бер­муд арал­да­ры;
    Бри­тан­дық Вир­гин арал­да­ры;
    Ги­брал­тар;
    Кай­ман арал­да­ры;
    Монт­сер­рат ара­лы;
    Тер­кс және Кай­кос арал­да­ры;
    Мэн ара­лы;
    Нор­манд арал­да­ры (Герн­си, Джер­си, Сарк, Ол­дер­ни арал­да­ры);
    44) Фи­лип­пин­дер Рес­пуб­ли­ка­сы;
    45) Шри-Лан­ка Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
    63.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің "ВВ-"-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­ры­ның және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ бей­ре­зи­дент-ұй­ым­дар­дың де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі
    150
    64.
    Тө­мен­де көр­се­ті­л­ген шет мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да тір­кел­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­ры­ның де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі:
    1) Ан­дор­ра княз­ді­гі;
    2) Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (Аме­ри­ка­лық Вир­гин арал­да­ры­ның, Гу­ам ара­лы­ның және Пу­эр­то-Ри­ко до­ста­стығы аумақ­та­ры бө­лі­гін­де ға­на);
    3) Ан­ти­гуа және Бар­бу­да мем­ле­ке­ті;
    4) Ба­гам арал­да­ры­ның до­ста­стығы;
    5) Бар­ба­дос мем­ле­ке­ті;
    6) Бах­рейн мем­ле­ке­ті;
    7) Бе­лиз мем­ле­ке­ті;
    8) Бру­ней Да­рус­са­лам мем­ле­ке­ті;
    9) Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі (Ду­бай қа­ла­сы ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    10) Ва­ну­а­ту Рес­пуб­ли­ка­сы;
    11) Гва­те­ма­ла Рес­пуб­ли­ка­сы;
    12) Гре­на­да мем­ле­ке­ті;
    13) Джи­бу­ти Рес­пуб­ли­ка­сы;
    14) До­ми­ни­кан Рес­пуб­ли­ка­сы;
    15) Жа­ңа Зе­лан­дия (Ку­ка және Ниуэ арал­да­ры ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    16) Ин­до­не­зия Рес­пуб­ли­ка­сы;
    17) Ис­па­ния (Ка­нар арал­да­ры­ның ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    18) Кипр Рес­пуб­ли­ка­сы;
    19) Ко­мор Арал­да­ры Фе­де­рал­ды Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы;
    20) Ко­ста-Ри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы;
    21) Қы­тай Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы (Ао­мынь (Ма­као) және Сян­ган (Гон­конг) ар­найы әкім­ші­лік аудан­да­ры­ның аумақ­та­ры бө­лі­гін­де ға­на;
    22) Ли­бе­рия Рес­пуб­ли­ка­сы;
    23) Лих­тен­штейн Княз­ді­гі;
    24) Мав­ри­кий Рес­пуб­ли­ка­сы;
    25) Ма­лай­зия (Ла­бу­ан ан­кла­вы­ның ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    26) Маль­див Рес­пуб­ли­ка­сы;
    27) Маль­та Рес­пуб­ли­ка­сы;
    28) Мар­шалл арал­да­ры Рес­пуб­ли­ка­сы;
    29) Мо­на­ко Княз­ді­гі;
    30) Мьян­ма Ода­ғы;
    31) На­у­ру Рес­пуб­ли­ка­сы;
    32) Ни­дер­лан­ды (Ару­ба ара­лы­ның ау­ма­ғы және Ан­тиль арал­да­ры­ның тәу­ел­ді аумақ­та­ры бө­лі­гін­де ға­на);
    33) Ни­ге­рия Фе­де­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы;
    34) Пор­ту­га­лия (Ма­дей­ра арал­да­ры­ның ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    35) Па­лау Рес­пуб­ли­ка­сы;
    36) Па­на­ма Рес­пуб­ли­ка­сы;
    37) Са­моа Тәу­ел­сіз Мем­ле­ке­ті;
    38) Сей­шель арал­да­ры Рес­пуб­ли­ка­сы;
    39) Сент-Вин­сент және Гре­на­дин мем­ле­ке­ті;
    40) Сент-Китс және Невис Фе­де­ра­ци­я­сы;
    41) Сент-Лю­сия мем­ле­ке­ті;
    42) Тон­га Ко­роль­ді­гі;
    43) Ұлы­бри­та­ния және Сол­тү­стік Ир­лан­дия Бі­рік­кен Ко­роль­ді­гі (мы­на­дай аумақ­тар бө­лі­гін­де ға­на):
    Ан­ги­лья арал­да­ры;
    Бер­муд арал­да­ры;
    Бри­тан­дық Вир­гин арал­да­ры;
    Ги­брал­тар;
    Кай­ман арал­да­ры;
    Монт­сер­рат арал­да­ры;
    Тер­кс және Кай­кос арал­да­ры;
    Мэн ара­лы;
    Нор­манд арал­да­ры (Герн­си, Джер­си, Сарк, Ол­дер­ни арал­да­ры);
    44) Фи­лип­пин­дер Рес­пуб­ли­ка­сы;
    45) Шри-Лан­ка Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
    150
    65.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің "В-"-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    150
    66.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің "ВВ-"-тен тө­мен тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің жер­гі­лік­ті би­лік ор­ган­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    150
    67.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің "В-"-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    150
    68.
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің "ВВ-"-тен тө­мен бо­ры­штық рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­ры және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    150
    69.
    Тө­мен­де көр­се­ті­л­ген шет мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да тір­кел­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
    1) Ан­дор­ра Князь­ді­гі;
    2) Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (Аме­ри­кан­дық Вир­гин арал­да­ры­ның, Гу­ам ара­лы­ның және Пу­эр­то-Ри­ко До­ста­стығы аумақ­та­ры бө­лі­гін­де ға­на);
    3) Ан­ти­гуа және Бар­бу­да мем­ле­ке­ті;
    4) Ба­гам арал­да­ры до­ста­стығы;
    5) Бар­ба­дос мем­ле­ке­ті;
    6) Бах­рейн мем­ле­ке­ті;
    7) Бе­лиз мем­ле­ке­ті;
    8) Бру­ней Да­рус­са­лам мем­ле­ке­ті;
    9) Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі (Ду­бай қа­ла­сы­ның ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    10) Ва­ну­а­ту Рес­пуб­ли­ка­сы;
    11) Гва­те­ма­ла Рес­пуб­ли­ка­сы;
    12) Гре­на­да мем­ле­ке­ті;
    13) Джи­бу­ти Рес­пуб­ли­ка­сы;
    14) До­ми­ни­кан Рес­пуб­ли­ка­сы;
    15) Жа­ңа Зе­лан­дия (Кук және Ниуэ арал­да­ры­ның аумақ­та­ры бө­лі­гін­де ға­на);
    16) Ин­до­не­зия Рес­пуб­ли­ка­сы;
    17) Ис­па­ния (Ка­нар арал­да­ры­ның ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    18) Кипр Рес­пуб­ли­ка­сы;
    19) Ко­мор арал­да­ры Фе­де­рал­ды Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы;
    20) Ко­ста-Ри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы;
    21) Қы­тай Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы (Ао­мынь (Ма­као) және Сян­ган (Гон­конг) ар­найы әкім­ші­лік аудан­да­ры­ның аумақ­та­ры бө­лі­гін­де ға­на;
    22) Ли­бе­рия Рес­пуб­ли­ка­сы;
    23) Лих­тен­штейн Князь­ді­гі;
    24) Мав­ри­кий Рес­пуб­ли­ка­сы;
    25) Ма­лай­зия (Ла­бу­ан ан­кла­вы­ның ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    26) Маль­див Рес­пуб­ли­ка­сы;
    27) Маль­та Рес­пуб­ли­ка­сы;
    28) Мар­шалл арал­да­ры Рес­пуб­ли­ка­сы;
    29) Мо­на­ко Князь­ді­гі;
    30) Мьян­ма Ода­ғы;
    31) На­у­ру Рес­пуб­ли­ка­сы;
    32) Ни­дер­ланд (Ару­ба ара­лы­ның ау­ма­ғы және Ан­тиль арал­да­ры­ның тәу­ел­ді аумақ­та­ры бө­лі­гін­де ға­на);
    33) Ни­ге­рия Фе­де­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы;
    34) Пор­ту­га­лия (Ма­дей­ра арал­да­ры­ның ау­ма­ғы бө­лі­гін­де ға­на);
    35) Па­лау Рес­пуб­ли­ка­сы;
    36) Па­на­ма Рес­пуб­ли­ка­сы;
    37) Са­моа Тәу­ел­сіз мем­ле­ке­ті;
    38) Сей­шел арал­да­ры Рес­пуб­ли­ка­сы;
    39) Сент-Вин­сент және Гре­на­дин мем­ле­ке­ті;
    40) Сент-Китс және Невис Фе­де­ра­ци­я­сы;
    41) Сент-Лю­сия мем­ле­ке­ті;
    42) Тон­га Ко­роль­ді­гі;
    43) Ұлы­бри­та­ния мен Сол­тү­стік Ир­лан­ди­я­ның Бі­рік­кен Ко­роль­ді­гі (мы­на­дай аумақ­тар бө­лі­гін­де ға­на):
    Ан­ги­лья арал­да­ры;
    Бер­муд арал­да­ры;
    Бри­тан­дық Вир­гин арал­да­ры;
    Ги­брал­тар;
    Кай­ман арал­да­ры;
    Монт­сер­рат ара­лы;
    Тер­кс және Кай­кос арал­да­ры;
    Мэн ара­лы;
    Нор­манд арал­да­ры (Герн­си, Джер­си, Сарк, Ол­дер­ни арал­да­ры);
    44) Фи­лип­пин Рес­пуб­ли­ка­сы;
    45) Шри-Лан­ка Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
    150
    70.
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы ба­лан­ста ұстап тұ­ра­тын және Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дей­ін­гі кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzBB+»-тен «kzBB-»-ке дей­ін­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
    350

    Салымдардың кредиттік

    тәуекел дәрежесі бойынша

    мөлшерленген микроқаржы ұйымы

    активтерінің кестесіне

    қосымша

    Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті микроқаржы ұйымы активтерінің есебіне түсіндірме

    1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысында бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) шегере отырып, салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге жататын активтер микроқаржы ұйымының балансы бойынша енгізіледі.

    2. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, микроқаржы ұйымында түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген микроқаржы ұйымының активтері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес микроқаржы ұйымында түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.

    Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:

    қамтамасыз ету ретінде берілген салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына;

    қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;

    қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.

    Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.

    3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасын шегере отырып) активтердің есебіне енгізіледі.

    Салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

    4. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша микроқаржы ұйымының активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

    5. Кестенің 54-тармағында көрсетілген активтер берілген микрокредит сомасын толық өтейтін автокөлік құралы кепілімен қамтамасыз етілген тұтынушылық микрокредиттерді қоспағанда, тұтынушылық микрокредиттерді, оның ішінде Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген, микрокредит сомасын толық өтейтін кепілмен қамтамасыз етілген микрокредиттерді қамтиды.

    6. Кестенің 55-тармағында көрсетілген активтер Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген кепілсіз микрокредиттерді қоспағанда, кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерді қамтиды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.