Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 29 сәуір 2024 ж.
Бейнеу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №184 «Карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы» Бейнеу ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 184 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-3-108 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі
Р.Шалбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.