Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 38/05 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2024 ж.

    Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 38/05 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы №38/05 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4308 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарағанды облысының әкімі

    Е. Булекпаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.