Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 «1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3147 болып тіркелді);
2) 2016 жылғы 10 ақпандағы № 05/03 «Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 «1 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3691 болып тіркелді).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі
С. Оспанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.