Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 сәуір 2024 ж.

    Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78-18 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы»;

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден» деген сөздер «1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден» деп өзгертілсін;

    көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында реттік нөмері 3 жолы алынып тасталсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    М. Оспанбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.