«Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 мамыр 2024 ж.

    «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы

    А. Сарбасов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғарғы білім

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат министрлігі

    2024 жылғы 3 мамырдағы

    № 134 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрінің

    2023 жылғы 20 ақпандағы

    № 49 бұйрығына

    2-қосымша

    Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі

    Бі­лім бе­ру са­ла­сы­ның ата­уы
    Ұлт­тық сы­нып­та­уы­штың 01-2017 қыз­мет­тер­дің то­бы
    Кә­сіп­тің ата­уы
    Ден­са­улық сақ­тау
    2217-4-001
    Дә­рі­гер-ней­ро­хи­руг
    2211-7-002
    Дә­рі­гер-ге­ма­то­лог
    2211-7-004
    Дә­рі­гер-он­ко­лог
    2215-2-002
    Дә­рі­гер-нео­на­то­лог
    2212-1-001
    Дә­рі­гер-эн­до­кри­но­лог
    2212-7-001
    Ане­сте­зио­лог-ре­ани­ма­то­лог
    2214-8-001
    Дә­рі­гер аку­шер-ги­не­ко­лог
    2215-1-001
    Дә­рі­гер-пе­ди­атр
    2216-3-002
    Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка дә­рі­ге­рі
    Жа­ра­ты­лы­ста­ну ғы­лым­да­ры, ма­те­ма­ти­ка және ста­ти­сти­ка
    Ин­же­нер­лік, өң­деу және құ­ры­лыс са­ла­ла­ры
    2145-9-005
    Ор­га­ни­ка­лық емес заттар тех­но­ло­ги­я­сы жө­нін­де­гі ин­же­нер-зерт­те­у­ші
    2145-9-006
    Ор­га­ни­ка­лық заттар тех­но­ло­ги­я­сы жө­нін­де­гі ин­же­нер-зерт­те­у­ші
    2145-9-007
    Фар­ма­цев­ти­ка өнер­к­ә­сі­бі­нің ин­же­нер-тех­но­ло­гы
    2146-9-006
    Пай­да­лы қаз­ба­лар­ды дай­ын­дау жө­нін­де­гі ин­же­нер-зерт­те­у­ші
    2144-4-023
    Авиа­ци­я­лық ин­же­нер
    2144-5-003
    Ға­рыш жүй­е­сін ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық қам­сыздан­ды­ру жө­нін­де­гі ин­же­не­рі
    2149-9-001
    Жа­ңа тех­ни­ка мен тех­но­ло­ги­я­ны ен­гі­зу жө­нін­де­гі ин­же­нер
    2149-9-002
    Ла­зер­лік жаб­дық жө­нін­де­гі ин­же­нер
    2149-9-011
    Цел­лю­ло­за, қа­ғаз, по­ли­гра­фия және тал­шық өн­ді­рі­сі тех­но­ло­ги­я­сы жө­нін­де­гі ин­же­нер-зерт­те­у­ші
    2149-9-012
    Ин­же­нер-ме­ди­ци­на­лық ра­дио­хи­мик
    2149-9-013
    Ин­же­нер-ме­ди­ци­на­лық фи­зик
    2149-9-015
    То­қы­ма ши­кі­за­ты­ның клас­си­фи­ка­то­ры
    2131-5-001
    Бак­те­рио­лог
    Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі са­ла­ла­рын­да
    2521-2-001
    Ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лық-ин­фра­құ­ры­лы­мы­ның ар­хи­тек­то­ры
    2511-3-001
    Бағ­дар­ла­ма­лық қам­сыздан­ды­ру ар­хи­тек­то­ры
    2512-1-007
    Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды әзір­ле­у­ші
    2512-1-008
    Бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер­ді қол­дау жө­нін­де­гі ма­ман
    2512-2-003
    Мо­биль­ді қо­сым­ша­лар­ды әзір­ле­у­ші
    2512-3-001
    Ком­пью­тер­лік ой­ын­дар­ды әзір­ле­у­ші
    2519-9-001
    Жа­сан­ды ин­тел­лект жө­нін­де­гі ин­же­нер
    2521-1-003
    Үл­кен де­ректер­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман
    2523-0-006
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер сәу­лет­ші­сі
    2519-9-002
    Қо­сым­ша­лар бағ­дар­ла­ма­шы­сы
    2511-2-001
    Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы биз­нес-тал­да­у­шы
    2512-1-001
    Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым ди­зай­не­рі
    2512-1-003
    Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар жо­ба­ла­ры­ның ме­не­дже­рі
    2524-0-003
    Ақ­па­рат­ты қор­ғау жө­нін­де­гі ин­же­не­рі
    2529-0-001
    Бұлт­ты есеп­теу жө­нін­де­гі ма­ма­ны
    2141-3-001
    Ав­то­мат­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ин­же­нер
    2512-2-001
    World Wide Web-әзір­ле­у­ші
    2512-1-005
    Бағ­дар­ла­ма­шы-тал­да­у­шы
    2317-0-003
    Оқы­ту­шы, до­цент, ақ­па­рат­тық-тех­но­ло­ги­я­лық және бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету про­фес­со­ры, жо­ғар­ғы оқу ор­ны
    2524-0-007
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі ма­ман
    2522-0-003
    Сер­вер әкім­ші­сі
    2512-2-004
    Қо­сым­ша­лар әзір­ле­у­ші­сі
    2524-0-006
    Ақ­па­рат­ты қор­ғау жө­нін­де­гі ма­ман
    Пе­да­го­ги­ка­лық ғы­лым­дар
    2338-1-001
    Өн­ді­рі­стік оқы­ту ше­бе­рі (ин­же­не­рия және ин­же­нер­лік іс)
    Кре­а­тив­ті ин­ду­стрия са­ла­сын­да
    2166-1
    Гра­фи­ка­лық ди­зай­нер
    2166-2
    Гра­фи­ка­лық ани­ма­ция тех­ни­гі
    2651-3-004
    Су­рет­ші-ил­лю­стра­тор
    3521-2-004
    Ды­быс ин­же­не­рі
    3521-3-003
    Бей­не­мон­та­жер

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.