«Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 сәуір 2024 ж.

    «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Облыс әкімі

    М.Ахметжанов

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 19 сәуірдегі

    № А-4/178 қаулысына

    қосымша

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2022 жылғы 8 ақпандағы

    № А-2/60 қаулысына

    1-қосымша

    Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Елді мекен
    Тәрбиеленушілер саны
    Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    болу режимі 10,5 сағаттық топта
    болу режимі 9 сағаттық топта
    санаторлы топта
    түзету түріндегі топта
    жарты күн болатын топта
    Қала
    19 733
    54 506 теңге
    50 181 теңге
    81 598 теңге
    98 103 теңге
    24 018 теңге
    Ауыл
    18 088
    60 747 теңге
    55 728 теңге
    91 999 теңге
    111 104 теңге
    26 792 теңге
    Педагогтардың педагогикалық шеберлігінің біліктілігі болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және бір оқушыға шаққандағы шығындардың орташа құны (теңге)
    болу режимі 10,5 сағаттық топта
    санаторлы топта
    түзету түріндегі топта
    Қала
    1 493
    56 571 теңге
    81 598 теңге
    98 103 теңге
    Ауыл
    153
    63 329 теңге
    91 999 теңге
    111 104 теңге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.