«GoldCorp» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2024 ж.

    «GoldCorp» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «GoldCorp» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылдық округі жерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу мақсатында, жалпы көлемі 2485,2934 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2029 жылдың 24 мамырына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Жер пайдаланушы- «GoldCorp» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

    3. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

    4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қарқаралы ауданының әкімі

    Ә. Арғынов

    Қарқаралы ауданының әкімдігінің

    2024 жылғы «29» сәуірдегі

    № 106 қаулысына қосымша

    «GoldCorp» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Орналасқан жері
    Кадастырлық номері
    Жалпы көлемі, га
    жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
    1
    Жаңатоған а/о, Ауданның жер қоры
    09-133-016-
    316,8634
    316,8634
    2
    Жаңатоған а/о
    09-133-016-147
    7891,0
    1709,8950
    3
    Жаңатоған а/о
    09-133-016-138
    1665,0
    436,2760
    4
    Жаңатоған а/о
    09-133-016-034
    500,0
    22,2590
    Барлығы:
    2485,2934

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.