Курчатов қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2024 ж.

    Курчатов қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 – бабы 3 – тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабы 1 – тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Курчатов қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы

    Г. Хусайнова

    Курчатов қалалық мәслихатының

    2024 жылғы 30 сәуірдегі

    № 17/107-VIII шешіміне

    қосымша

    Курчатов қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Есеп айырысу бірлігі
    Тариф теңгемен
    Бір тұрғынға арналған айлық тариф
    1 адамға/айына
    331 теңге
    ҚТҚ бірлігі үшін жылдық тариф
    1 м3
    1657 теңге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.