Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 сәуір 2024 ж.

    Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Г. Калиева

    Құрманғазы аудандық

    мәслихатының 2024 жылғы

    25 сәуірдегі № 128-VIII

    шешіміне қосымша

    Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VІ «Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4217 болып тіркелген);

    2) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ «Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4613 болып тіркелген);

    3) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 16 қарашадағы № 85-VІI «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VI «Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

    4) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 16 қарашадағы № 86-VІІ «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VI «Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

    5) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 мамырдағы № 23-VІІI «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VI «Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

    6) Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 мамырдағы № 24-VІІI «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 12 шілдедегі № 311-VI «Құрманғазы ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.