Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 сәуір 2024 ж.

    Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағалар белгіленсін.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А.Әлназарова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2024 жылғы «____» ____

    № ________

    бұйрығына қосымша

    Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтердің бағасы

    № р/с
    Қыз­мет ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Қыз­мет ба­ға­сы, ҚҚС* есе­бін­сіз тең­ге
    1
    Ден­са­улық сақ­тау ин­фра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
    адам / са­ғат
    4 260,7
    2
    Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін ме­ди­ци­на­лық жос­пар­лау бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
    адам / са­ғат
    4 640,9
    3
    Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін ме­ди­ци­на­лық жо­ба­лау бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
    адам / са­ғат
    4 523,1
    4
    Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
    адам / са­ғат
    3 279,5
    Ескерту
    * ҚҚС – қосылған құн салығы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.