Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 56/453 «Бейнеу ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Бейнеу ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №56/453 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4364 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 5 тармағына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы
А. Бораш
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.