Жарма аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 15 маусымдағы № 22/201-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-145 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 22/201-VI «Жарма ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/116-VIІ шешімі күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
М. Оспанбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.