Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

    22-тармақта 5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

    «5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика мәселелері жөніндегі Рудный қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    Б. Ғаязов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.