«Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-129 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-129 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-129 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 118394 болып тіркелген) күшi жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    К. Байгоджаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.