«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:
желілік мектеп;
мамандандырылған мектеп;
мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);
мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия);
мамандандырылған мектеп-интернат;
мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;
мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;
мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);
мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);
мамандандырылған әскери мектеп-интернаты;
«Білім-инновация» лицей-интернаты;
мамандандырылған мектеп-кешендер;
мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;
мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.».
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.