«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 сәуір 2024 ж.

    «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы

    Д. Щеглова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ғылым және жоғары

    білім министрінің

    міндетін атқарушысы

    2024 жылғы 24 сәуірдегі

    № 188

    бұйрығына қосымша/

    Қазақстан Республикасы

    Білім және ғылым министрінің

    2020 жылғы 11 маусымдағы

    № 242 бұйрығына

    1-қосымша

    «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

    2. Мемлекеттік қызметті аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері, мерзімі, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де ақпарат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптар тізбесінде жазылған.

    4. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік корпорациясына жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы жолдайды.

    Басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясына жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын пошталық байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жеткізеді.

    Мемлекеттік корпорацияның барлық өңірлерде құжаттарды қабылдау кезеңі – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу конкурсы туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн.

    Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

    Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

    6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды тіркеу журналына тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау туралы анықтама (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) беруді жүзеге асырады.

    7. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны мен тәсілі туралы хабарлайды. Хабарлама ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып мәтіндік хабарламамен жіберіледі.

    Тыңдау туралы хабарлама дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды дайындайды.

    8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басқа өңірлердің не Алматы қаласының Мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жібереді.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    10. Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде ғылым саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер (және) немесе толықтырулар туралы ақпаратты электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге, Бірыңғай байланыс орталығына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

    3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен кезде, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған кезде, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағым жібермейді.

    12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

    13. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған кезде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

    14. ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Ғылым саласындағы сыйлықтарды,

    мемлекеттік ғылыми стипендияларды

    алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау»

    мемлекеттік қызметін көрсету

    қағидаларына

    1-қосымша

    Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау».
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
    1) Ғылым саласындағы сыйлықтар алуға жұмыстарды қабылдау;
    2) Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға жұмыстарды қабылдау.
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аг­рар­лық ғы­лым са­ла­сын­да­ғы сый­лық­тар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жа­нын­да­ғы «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық ғы­лым ака­де­ми­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зім­де­рі:
    Ал­ма­ты қа­ла­сын­да – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
    бас­қа өңір­лер­де – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның бар­лық өңір­лер­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау ке­зе­ңі – рес­пуб­ли­ка­лық бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­лан­ған кү­ні­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ғы­лым са­ла­сын­да­ғы сый­лық­тар­ды, мем­ле­кет­тік ғы­лы­ми сти­пен­ди­я­лар­ды алу­ға ұсы­ны­л­ған жұ­мыстар­ды қа­был­дау ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны тың­дау рә­сі­мін жүр­гі­зе оты­рып, Тіз­бе­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ру.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қа­был­дау «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз неме­се «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www. egov. kz веб-пор­та­лы ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті бронь­дау ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кел­ген же­рі бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www. gov4c. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Ғы­лым са­ла­сын­да сый­лық­тар­ды бе­ру үшін қа­жет­ті құ­жат­тар:
    1) кі­тап­тар, мо­но­гра­фи­я­лар, оқулық­тар, кі­тап­ша­лан­ған ма­қа­ла­лар­дың бас­па-таң­ба­ла­ры, па­тент­тер­дің кө­шір­ме­ле­рі, ав­тор­лық ку­ә­лік­тер, мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өт­кен ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мысы ту­ра­лы есеп­тер түр­ле­рін­де­гі ғы­лы­ми жұ­мыс;
    2) маз­мұ­ны, зерт­те­улер­дің өзек­ті­лі­гі мен жа­ңа­лы­ғы, негіз­гі ғы­лы­ми нәти­же­ле­рі, олар­дың ма­ңы­зды­лы­ғы мен бо­ла­шақ­та пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі ба­ян­да­ла­тын жұ­мыстың си­патта­ма­сы (0,5 бет­тен ас­пай­тын);
    3) жұ­мыстың қы­сқа­ша ан­но­та­ци­я­сы;
    4) жұ­мысты ұсын­ған ұй­ым­ның кон­суль­та­тив­тік-ке­ңес­ші ор­га­ны оты­ры­сы­ның хат­та­ма­сы­нан үзін­ді;
    5) сый­лық алу­ға үміт­кер­дің жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма;
    6) сый­лық алу­ға үміт­кер­дің шы­ғар­ма­шы­лық үле­сі көр­се­ті­л­ген ғы­лы­ми қыз­ме­тіне қы­сқа­ша си­патта­ма (ұжым жұ­мыста­ры үшін);
    7) негіз­гі ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың ті­зі­мі (5-тен ас­пай­ды);
    8) жұ­мысты ұсы­ну­шы ұй­ым­нан кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған жұ­мыстың (жұ­мыстар се­ри­я­сы) бұ­рын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет қа­ра­жа­ты­нан тө­ле­не­тін сый­лық­тар­ға ие бол­ма­ға­нын ку­әлан­ды­ра­тын анық­та­ма.
    Бұл рет­те осы тар­мақ­тың 5), 6) және 7) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар сый­лық алу­ға үміт­кер жұ­мыстан боса­ты­л­ған жағ­дай­да оның соң­ғы жұ­мыс ор­ны­нан ұсы­ны­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік ғы­лы­ми сти­пен­ди­я­ны та­ғай­ын­да­у­ға қа­жет­ті құ­жат­тар:
    1) ти­іс­ті ұй­ым­ның іле­с­пе ха­ты;
    2) ұй­ым­ның кон­суль­та­тив­тік-ке­ңес­ші ор­га­ны­ның мем­ле­кет­тік ғы­лы­ми сти­пен­ди­я­ны алу­ға үміт­кер­ді ұсы­ну ту­ра­лы оты­ры­сы хат­та­ма­сы­нан үзiн­дi;
    3) ұй­ым­ның кон­суль­та­тив­тік-ке­ңес­ші ор­га­ны­ның уә­ждел­ген қол­да­ухаты (ұсы­ны­мы);
    4) мем­ле­кет­тік ғы­лы­ми сти­пен­ди­я­ны алу­ға үміт­кер­дің жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма;
    5) мем­ле­кет­тік ғы­лы­ми сти­пен­ди­я­ны алу­ға үміт­кер­дің соң­ғы бес жыл­да жа­ри­я­лан­ған ғы­лы­ми жұ­мыста­ры­ның ті­зі­мі, сон­дай-ақ ең ма­ңы­зды жұ­мыстар­дың бас­па-таң­ба­ла­ры (бес­тен ас­пай­ды).
    Мо­но­гра­фия бой­ын­ша екі бет­ке дей­ін­гі кө­лем­де­гі ба­сы­л­ған ан­но­та­ция бе­рі­ле­ді (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ға же­ңіл­дік­тер көз­дел­ме­ген).
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­ті «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі бар қо­сым­ша
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, "Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­руы үшін ке­зек кү­ту­дің рұқ­сат бе­рі­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат бе­рі­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут­тан ар­тық емес.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8-800-080-7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    «Ғылым саласындағы сыйлықтарды,

    мемлекеттік ғылыми стипендияларды

    алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    __________________________________________________________________

    (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),

    __________________________________________________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету қажет) Сіздің Негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты «Ғылым саласындағы сыйлықты, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1._____________________________________________________________ ;

    2. _____________________________________________________________ ;

    3.______________________________________________________________

    Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

    _________________________________________________ ______________

    (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә) (қолы)

    Алдым:

    __________________________________________________ ______________

    (Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.) (қолы)

    20___ жылғы «___»________

    «Ғылым саласындағы сыйлықтарды,

    мемлекеттік ғылыми стипендияларды

    алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    № ____________

      20___ ж. «__»________

    «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау туралы анықтама

    ________________________________________________________________

    (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – көрсетілетін

    қызметті алушының Т.А.Ә.),

    ______________________________________________________________ берілді.

    (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

    Осы анықтама әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

    _______________________________________________________ _________

    (көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.