«Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11808 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жергілікті атқарушы органдардың жәрдем көрсетуі үшін ғимараттар мен құрылыстарды материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесінде:

    5-тармақ мынадай мазмұндағы 79) тармақшамен толықтырылсын:

    «79) сейсмотренажер.».

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.