Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15/85-VІІІ «2024 жылы Ауғанстан соғысының ардагерлеріне Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы №15/85-VІІІ «2024 жылы Ауғанстан соғысының ардагерлеріне Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6467-13 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қалалық мәслихат төрағасы
К. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.