Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» №146 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 сәуір 2024 ж.

    Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» №146 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» №146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181756 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Жетісу облысының әкімі

    Б. Исабаев

    Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 120 Қаулысына қосымша

    Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

    Ауылшаруашылық өнімнің атауы
    Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы
    Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)
    Шикі сүт
    Сары май
    103
    Шикі сүт
    Қатты ірімшік
    93
    Шикі сүт
    Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)
    51

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.